Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда электронды медициналық кітапша іске қосылды: енді қағаз нұсқасын алып жүрудің қажеті жоқ

Қазақстанда электронды медициналық кітапша іске қосылды: енді қағаз нұсқасын алып жүрудің қажеті жоқ

Электронды медициналық кітапша енді әрдайым қолжетімді
Қазақстанда электронды медициналық кітапша іске қосылды: енді қағаз нұсқасын алып жүрудің қажеті жоқ
Фото:
istockphoto.com
Қазақстандықтар енді жеке медициналық кітапшасын қағаз күйінде алып жүруге міндетті емес. Электронды медициналық кітапша eGov Mobile және Halyk қосымшаларында қолжетімді болып, міндетті медициналық тексерулерді бақылау да толықтай цифрлық форматқа көшті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, енді декреттелген кәсіптерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қағаз түріндегі медициналық кітапшаны алып жүрудің қажеті жоқ – телефондағы электрондық медициналық кітапшаны ашу жеткілікті.
«Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық қызмет міндетті медициналық тексерулерден өтуді қашықтан бақылауға мүмкіндік алды. Егер жеке медициналық кітапшада медициналық тексеруден өту мерзімі өтіп кеткені анықталса, қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету бойынша жедел шаралар қабылданады», – делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстанда алғаш рет мына бағыттарды біріктірген санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай цифрлық экожүйесі құрылды:
  • мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау;
  • декреттелген кәсіптер қызметкерлерінің медициналық тексерулері;
  • зертханалық зерттеулер;
  • кәсіпорындардың өндірістік бақылауы.



28 шілде 2026 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031