Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » S&P Қазақстанның тәуелсіз несие рейтингін растады

S&P Қазақстанның тәуелсіз несие рейтингін растады

Standard&Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның егеменді несиелік рейтингін BBB-/A-3 деңгейінде, тұрақты болжаммен растады, деп хабарлайды үкіметтің ресми Telegram-арнасы.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлар ел экономикасының «мықты» фискалдық және сыртқы теңгерімдері болып табылады. Сонымен қатар өтімді сыртқы активтердің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығын айтарлықтай қолдайды.
S&P үкіметтік және сыртқы баланстар жақын болашақта сенімді болып қалады және ықтимал макроэкономикалық құбылмалылықты азайту үшін жеткілікті болады деп ескертеді.
«Агенттіктің пікірінше, Ресейге қарсы экономикалық санкциялардың қайталама салдары басқарылады және Қазақстанның негізгі мұнай мен газ экспорттық нарықтарына қол жеткізуінде үзілістерге әкелмейді. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның тиімді макроэкономикалық саясаты экономиканы әртараптандыру, жеке секторды дамыту, үй шаруашылықтарының кірістерін арттыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, салық саясатын жетілдіру шаралары аясында жалғасады» делінген үкімет таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің несиелендіру бағдарламаларынан бас тартуы теңгенің артық өтімділігін азайтады, сондай-ақ трансмиссиялық механизмдерді жетілдіреді.
Жалпы, Standard&Poor’s Қазақстан экономикасы 2022 жылы 3,6% және 2025 жылға дейін орта есеппен 4% шамасында өседі деп болжайды.
Бұған дейін S&P Ресей мен Украинаның ұзақ мерзімді тәуелсіз несие рейтингін төмендеткен болатын.
05 наурыз 2022 ж. 188 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930