Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның кредиттік рейтингі жарияланды

Қазақстанның кредиттік рейтингі жарияланды

Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігі (АКРА) Қазақстанның кредиттік рейтингін BBB+ деңгейінде растады, болжам "тұрақты", деп хабарлайды zakon.kz.
Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін ВВВ + деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бойынша болжам – "Тұрақты", делінген primeminister.kz сайтында.
"Тұрақты" болжам ең жоғары ықтималдық үлесімен 12-18 ай аралығында рейтингтің өзгермейтіндігін болжайды.

АКРА жаңартылған есебіне сәйкес, бағалау тұрақтылығының факторлары а.ж. экономиканың жоғары өсу қарқыны, ұлттық экономикаға тікелей шетелдік инвестициялардың елеулі ағымы, мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, елеулі ұлттық резервтермен нығайтылған орнықты сыртқы ұстаным болды.
АКРА 2021 жылы экономикалық өсудің 3,9%-ға дейін қалпына келуін күтуде. АКРА бағалауы бойынша, ел экономикасының өсу әлеуеті жоғары болып қалуда және жылына шамамен 4-4,5% құрайды.

Сонымен қатар, тұрақтылық факторлары ретінде АКРА қоғамдық та, мемлекеттік те институттар сапасындағы оң динамиканы атап өтеді.
Адами капиталды тұрақты арттыру ұзақ мерзімді оң әсер ететін тағы бір фактор болып табылады. Дүниежүзілік банк пен БҰҰ-ның соңғы бағалауларына сәйкес Қазақстанның адами капитал индексі Орталық Азия елдері бойынша орташа деңгейден асып түседі және санаты бойынша салыстырмалы елдер тобы рейтингінің шеңберінде неғұрлым жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.
АКРА Мәскеуде 2015 жылдың 20 қарашасында Ресей Банкінің шешімімен құрылды. Акционерлер 27 ресейлік компания мен қаржы институттары, соның ішінде "Райффайзенбанк", "Сбербанк", "Альфа-Банк", "Газпромбанк", "Московская Биржа ММВБ-РТС".
04 тамыз 2021 ж. 469 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031