Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ForteBank рейтингтердің көтерілгені туралы хабарлайды

ForteBank рейтингтердің көтерілгені туралы хабарлайды

2021 жылы 22 қыркүйекте Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank ұзақ мерзімді эмитенттің дефолт рейтингін (ЭДР) “В”-дан “В+”-ке дейін көтеріп, болжамын “Тұрақтыдан” “Позитивтіге” дейін жақсартты. Ұлттық шкала рейтингі екі сатыға, яғни “BB + (kaz)” деңгейінен “BBB(kaz)” деңгейіне көтеріліп, тұрақтылық рейтингі “b”-дан “b+”-ке артты.
Fitch Ratings сарапшыларының пікіріне сүйенсек, ұзақ мерзімді ЭДР мен тұрақтылық рейтингісінің жоғарылауы, сондай-ақ, болжамның жақсаруы банктің капитализациясына келетін қысымның айтарлықтай төмендеуін көрсетеді. Сонымен қатар, рейтингтің жақсы жаққа қарай өзгеруі банктің жоғары табыстылық көрсеткіштеріне байланысты. Бұған қоса, қаржыландыру мен өтімділік деңгейі – рейтингтің берік тұстары болып табылады. Банкте 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында клиент депозиттерінің 50%-ын жабуға қабілетті өтімділік жастықшасы бар.
S&P сарапшыларының мәліметінше, ForteBank рейтингі бойынша болжам "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" өтуі, экономикалық жағдайдың тұрақталуына, ForteBank-тың іскерлік позициясының орнығуына және банк активтерінің сапасын жақсартудағы оң динамикаға байланысты. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында банктің меншікті капиталының кірістілігі (return on equity – ROE) жылдық мәнде 20%-дан асты.
"Біз Fitch Ratings пен S&P рейтингтік агенттіктерінің оң рейтингтік бағасын құптаймыз. ForteBank – еліміздің тұрақты, өтімділігі жоғары және жақсы капитализацияланған әмбебап банктерінің бірі. Forte – клиенттеріміздің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған қаржылық және қаржылық емес өнімдер мен қызметтержің экожүйесі, оның ішінде ForteMarket нарығы, валюта айырбастаудың онлайн платформасы ForteForex, ForteMobile, ForteFood және басқалары бар. Осының барлығы жоғары тиімділікті сақтауға және оң нәтиже көрсетуге мүмкіндік сыйлайды", – дейді ForteBank басқарма төрағасы міндетін атқарушы Шолпан Нұрымбет.
Соңғы 12 ай ішінде ForteBank беделді Euromoney, Asiamoney және Global Finance халықаралық басылымдарының нұсқалары бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды. Мұнымен қатар, The Banker халықаралық журналы ForteBank-ті “Жыл банкі” деп таныды. 
23 қыркүйек 2021 ж. 335 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930