Қазақстанда ауладағы тұрақ орындарын өз бетінше иемденгендер 300 мың теңгеден аса айыппұл төлейді
Фото: depositphotos.comҚазақстанда ауладағы тұрақ орындарын өз бетінше иемденуге тыйым салынды. Шынжыр, бағана немесе блокиратор орнатқан тұрғындарға 324 мың теңгеден астам айыппұл салынбақ. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда абаттандыруға қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Енді ауладағы ортақ тұрақ орындарын өз бетінше иемденуге болмайды.
Нені білу керек:
ауладағы тұрақ орындары – ортақ пайдаланылатын аумақ;
шынжыр, бағана, блокиратор және басқа да қоршаулар орнатуға тыйым салынады;
егер көршіңіз тұрақ орнын бөгеп қойса, құрылғыны өзіңіз алып тастамаңыз – e-Otinish арқылы шағым беріңіз;
заң бұзушылық расталса, иесіне қоршауды алып тастау міндеттеледі.
Ортақ пайдаланудағы жерді өз бетінше иемденгендерге 75 АЕК (324 450 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал егер тұрақ орны жеке меншікте болса, яғни ол жерді тұрғын үй кешеніндегі пәтермен бірге сатып алынған болса, бұл орынға аталған шектеу жүрмейді.












