Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Көгілдір отын» көкжиекті кеңейтті

«Көгілдір отын» көкжиекті кеңейтті

Өңірдің тынысы – сондағы тұрғындардың тұрмысынан көрінеді. Бүгінде елді мекендерге өркениет игіліктерінің жетуі халықтың өмір сапасын арттырып, ауылдың да жаңа тыныспен дамуына жол ашып келеді. Осындай игілікті істердің бірі – табиғи газ желілерін тарту. Көгілдір отынның ауылға келуі – тек тұрмысты жеңілдететін мүмкіндік емес, елді мекеннің ертеңіне деген сенімді арттыратын маңызды өзгеріс.
Ауданда бұл бағыттағы жұмыстар кейінгі жылдары жүйелі түрде жалғасып келеді. 2025 жылы Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендеріне газ жеткізу құбырларының құрылысы толық аяқталды. Жалпы құны 3 миллиард 733,5 миллион теңгені құраған бұл жоба бірнеше ауылдың көгілдір отынға қол жеткізуіне негіз қалады. Ендігі кезекте аталған елді мекендердегі жұмыстар келесі кезеңге ұласып, орамішілік газ желілерін жүргізу қолға алынды.
2026 жылға бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 680 миллион теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, Жанқожа батыр ауылындағы жұмыстарға 120 миллион теңге қарастырылған. Жобаның жалпы құны – 323,6 миллион теңге. Бекарыстан би ауылына 300 миллион теңге бағытталып, жобаның жалпы құны 573,8 миллион теңгені құрайды. Майдакөл ауылындағы жұмыстарға 80 миллион теңге бөлініп, жоба құны 225,2 миллион теңге болса, Түктібаев елді мекеніндегі газ желілерінің құрылысына 180 миллион теңге қарастырылып, жалпы құны 343 миллион теңгені құрайтын жұмыстар жүзеге асырылуда.
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл қазан айында аталған төрт ауылды көгілдір отынға қосу жоспарланып отыр. Осы жұмыстар толық аяқталғаннан кейін аудан халқын табиғи газбен қамту көрсеткіші қазіргі 77,6 пайыздан 86,3 пайызға дейін артады деп күтілуде.
Қазалы ауданын газдандыру жұмыстары 2015 жылдан бастау алған. Содан бері аудан аумағында ауқымды инженерлік инфрақұрылым қалыптасты. Бүгінде мұнда бір автоматтандырылған газ тарату стансасы (АГРС), төрт газ реттеу пункті (ГРП), бір пункттік газ реттеу қондырғысы (ПУРГ), 81 шкафтық газ реттеу пункті (ГРПШ) орнатылып, 575,6 шақырым газ құбыры тартылған.
Алдағы жоспарлар да ауқымды. Қазір Жанкент, Бірлік, Қожабақы және Аранды ауылдарына магистральдық газ желілерін жеткізуге арналған жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы құны 4,5 миллиард теңгені құрайтын бұл жобалар жүзеге асса, тағы бірнеше ауыл көгілдір отынның игілігін көрмек.
Сонымен қатар Майлыбас ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылына автоматтандырылған газ тарату стансасын салу жоспарланып отыр. Құны 1 миллиард 938 миллион теңге болатын бұл жоба Ақсуат пен Байқожа елді мекендерін табиғи газбен қамтуға мүмкіндік береді. Ал осы ауылдарға орамішілік газ желілерін жүргізуге арналған, жалпы құны 824 миллион теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттар әзірленген.
Газдандыру жұмыстарының тағы бір маңызды бағыты – әлеуметтік нысандардың жылу жүйесін табиғи газға бейімдеу. Қазіргі таңда көгілдір отынға қосылған ауылдардағы мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау мекемелері және басқа да әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын газға көшіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл бір жағынан жылу жүйесінің тиімділігін арттырса, екінші жағынан қоршаған ортаның тазалығын сақтауға мүмкіндік береді.
Қош, көгілдір отын – ұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, елді мекендердің дамуына жаңа серпін беріп отырған маңызды игілік. Бүгінде атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, ауданның әлеуметтік әлеуетін арттыруға өз үлесін қосары анық.
А. ЖҮСІПОВА
28 шілде 2026 ж. 31 0

Бәсі биіктеген бизнес

28 шілде 2026 ж. 26

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031