Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шуақты шаңырақ

Шуақты шаңырақ


Шаңырағына шуақ шомып, шаттық ұялаған, берекетті тірлігін күйттеп, парасатты перзент тәрбиелеуді мақсат еткен отбасылар жетерлік. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, ұл мен қыздың тәрбиелі, елжанды, көргенді болып өсуі, ел мен жерге қызмет етуі отбасы, әке-шеше тәрбиесінен тамыр алады. Әр шаңырақтың өзіне тән әдет-ғұрпы мен ұстанымы бар. Балаларына «ешкімнің ала жібін аттама, әркез әділ болып, ісіңе адалдық таныт» деп тәрбиелейтін отбасының бірі – Қазалы қаласындағы Ерғазиевтер әулеті.
Осы жылы өткен «Мерейлі отбасы– 2024» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде «Үлгілі жас отбасы» номинациясын иеленіп, жас отбасыларға үлгі-өнеге көрсете білген жандардың шаңырағында болдық. Елуді еңсеріп қалған отағасы Бақтияр Махмұджанұлы мен отанасы Жанымкүл Серімбетқызы өмірге жеті ұл-қыз әкеліп, тәлімді тәрбие, үлгілі өнеге көрсетіп отыр. Қыздарын қияға қондырған әке мен ана қос жиенді қызықтап, тәтті қылығын тамашалап отырған ата мен әже.
Бақтияр Ерғазы еңбек жолын Қазалы қаласындағы жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған. 1996 жылы Қазалы қаласындағы №8 кәсіптік-техникалық мектепте дене шынықтыру пінінің оқытушысы болып орналасып, бүгінгі күнге дейін еңбек етіп келеді. Ол А.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік уневерситетінің «Дене тәрбиесі және спорт» факултетіне түсіп,жоғары кәсіптік білімді дене шынықтыру бойыншы педагог мамандығын алып шыққан. Бақтияр Махмұджанұлы заман талабына сай білім беру жүйесінің бағдарламасына қосқан үлесі үшін «Ұлт ұстазы», Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін, аймақтағы қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысқаны үшін, бірнеше мәрте диплом, алғыс хаттар мен ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай «Құрмет» грамотасымен марапатталған. Жары Жанымкүл Серімбетқызы Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 мектеп түлегі. Еңбек жолын Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте аспазшы болып бастаған. Қазігі таңда қалалық мәдениет үйінде жұмыс жасайды.«Алтын алқа» иегері. Көп балалы ана отбасымен қатар өзіне артылған жұмысты жауапкершілікпен орындап, әріптестерінің ықыласына бөленіп жүр.
Бақтияр мен Жанымкүлдің тұңғыштары Жадыра Махмуд М.Горький атындағы №16 мектеп-лицей түлегі. Қазалы аграрлы-техникалық колледжін есеп мамандығы, Ақтөбе қаласы М.Мәметова атындағы медициналық колледжің мейіркеш мандығын бітірген. Ал екінші қыздары Айдана Ақтөбе қаласы Бәймішев атындағы педагогикалық колледжін бітірген. Ақтөбе қаласында «Солнышка» балабақшасында тәрбиеші. Ұлтуған Бақтиярқызы Алматы қаласында қыздар педагогикалық университетіндежоғары білім алуда. Нұрай Ақтөбеде «Болашақ» университетінің колледжінде студент.Арай, Ерасыл және Нұрасыл мектеп оқушылары. Ұлдар спортқа жақын. Екеуі де №18 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Ерасыл аудандық ашық біріншілікте дзюдодан І, қазақ күресінен Қазалы аудынының ашық біріншілігінде І, Кәукей ауылы күніне орай Қожамұратовтар әулеті атындағы жүлдеде І орынды жеңіп алған. Ал Нұрасыл аудандық ашық біріншілікте дзюдодан ІІІ, Кәукей ауылы күніне орай Дошов Ғалымжан Дәуітбайұлы атындағы жүлдеде І орын иеленді. Сонымен қатар кіші футболдан жасөспірімдер арасындағы турнирде «Қыран» командасының ойыншысы Нұрасыл ІІ орынмен мараптталған.Балаларының барлығын жастайынан еңбекке баулыған отбасында әкесі үнемі: «Ешкімнің ала жібін аттама, әділдікті жақта, турашыл бол», – деп тәрбие береді. Ұл-қыздары да әкенің ақылын, ананың тәлімін тыңдап, биік белестерді бағындырып келеді. Әрқайсысының жеткен жетістігі бір төбе. Олардың қайсыбір жақсы ісін, тындырымды тірлігін ата-ана мақтан тұтып отырады.
– Ата-ене тәлімін көріп, өсіп-өркендедік. Жастай келін болып түскенде білгенімнен білмегенім көп болды. Енем өте тазайын жан еді. Бау-бақша баптаудың да қыр-сырын меңгерген. Ол еккен көкөністердің жемісі мол, дәмі тіл үйірер тәтті болатын. Күн суыта бастаған сәттен барлығымызға жүннен шұлық тоқып, балаларға жылы кеудеше кигізетін. Екінші анам 96 жасында дүниеден озды. Әрбір өсиет сөзі, айтқан ақылы әлі күнге отбасылық өмірімізде сабақ болып келеді, – дейді көп балалы ана Жанымкүл Серімбетқызы
Адам баласының құнды қазынасы – отбасы. Оның тіреуі әке мен қамқоршысы ананың берген тәлім-тәрбиесін, санаға сіңіріп, өмір жолында өнеге ете білген ұл-қыз қашанда қадірлі. Ерғазиевтер әулетінің де өрісін кеңейтіп, тынысын тереңдетіп отырған ұл-қыздардың қай-қайсысы да қоғамдағы өз орындарын тауып, кірпіші болып қаланды. Ата-ана үшін бұдан асқан бақыт та, байлық та жоқ болар сірә.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
10 қыркүйек 2024 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031