Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үлгілі отбасылар – Отанның ұйытқысы

Үлгілі отбасылар – Отанның ұйытқысы

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев отбасы күніне орай бірнеше шаңырақтың қуанышымен бөлісіп, Отбасы күнімен құттықтады.
– Бүгін мереке қарсаңында Сіздермен емен-жарқын әңгімелесіп, мерекелік тілегімізді жеткізу үшін арнайы келіп отырмыз. Сіздерді отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер ауданымыздың дамуына, гүлденуіне үлкен үлес қосып келесіздер, – деген аудан әкімі үлгілі отбасыларға құрмет көрсетіп, сый-сияпаттарын табыс етті.
Мұрат Нәлхожаұлы ат басын бұрған шаңырақтың бірі – Қазалы қаласындағы Мәшенбаевтар отбасы. Отағасы Қасымхан Мәшенбаев – ішкі істер саласының ардагері. Ал, жұбайы Зада Сермағамбетова – алты баланы өмірге әкелген ардақты ана. Қазалы қаласындағы тұтынушылар қоғамында сатушы болып еңбек еткен. Қазіргі таңда зейнет демалысында. Отау құрғандарына 55 жыл болған. Отбасында 6 бала, 19 немере, 3 шөбере тәрбиелеп отырған құрметті ата-әже. Балаларының барлығы Қазақстанның бірнеше қаласында қызмет жасауда.
Аудан әкімі мереке қарсаңында көпбалалы аналар Әсем Хасанова мен Тұрсынкүл Байымбетованы да Отбасы күнімен құттықтады.
№266 мектеп-лицейде ағылшын тілінің мұғалімі болып жұмыс жасайтын Әсем Хасанова өмірге 7 ұл бала әкелген «Алтын алқалы» ана. Шаңырақтың отағасы Мейрамбек Талғатұлы – Әйтеке би кентіндегі «Дәулет – А» зауытында темір жонушы болып жұмыс жасайды.
Ал, Тұрсынкүл Байымбетова 6 бала тәрбиелеп отырған ана. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Күміс алқа» наградасымен наградталған. Теміржол әскери күзет мекемесінде жұмыс істейтін жұбайы Руслан Байымбетов тәжік-ауған соғысының ардагері.
"Қазалы" ақпарат

11 қыркүйек 2020 ж. 1 141 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 150

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031