Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ауыл аманаты» жобасы Қазалы ауданы бойынша іске асырылуы туралы

«Ауыл аманаты» жобасы Қазалы ауданы бойынша іске асырылуы туралы

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023–2025 жылдары жалпы құны 1 млрд 842 млн теңгені құрайтын 255 жоба жүзеге асырылып, 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.
2026 жылы жобаларды іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен облысқа 5,6 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Оның ішінде аудан бойынша 88 жобаны қаржыландыруға 850,0 млн теңге бағыттау көзделген.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде ауданда жылыжай шаруашылығын дамытуға бағытталған жобалардың саны артып келеді. Бүгінгі күні жалпы құны 62,2 млн теңгені құрайтын, жалпы аумағы 1 200 шаршы метр болатын 9 жылыжай іске қосылды. Нәтижесінде ағымдағы жылы аталған жылыжайларда 10 тоннаға жуық қияр мен қызанақ өндірілді.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында жалпы құны 265,5 млн теңгеге 416 бас асыл тұқымды мал сатып алынды. Оның ішінде 80 бас жылқы, 247 бас ірі қара мал, 20 бас түйе және 69 бас ешкі бар. Қазіргі таңда төл алу есебінен мал басы 456 басқа дейін артты.
Ауылдық аумақтарды дамыту, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру және тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Бесарық ауылындағы «Абай Даулет» серіктестігінің оң тәжірибесін кеңейту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Осы мақсатта Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және Жалаңтөс батыр ауылында жалпы құны 59,1 млн теңгені құрайтын, құрамына 17 жоба кіретін 3 шағын өндірістік орталық құрылып, қазіргі уақытта тұрақты жұмыс істеуде.
Аталған жобалардың ішінде жалпы құны 38,1 млн теңгені құрайтын 5 жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
02 қазан 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031