Биржада доллар күрт қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы өзгерді.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,47 теңгеге өсіп, 447,73 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 441,91 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 443,00 теңгеден сатып алынады, 450,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 500,00 теңге, сату — 510,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,10 теңге, сату — 5,30 теңге.
— юань: сатып алу — 65,75 теңге, сату — 70,37 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 446,75 теңгеден сатып алынады, 449,15 теңгеден сатылады. Еуро 501,72 — 506,45 теңге, ал 5,06 — 5,19 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 65,23 теңгеден сатып алынады, 67,79 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 1 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,42 теңгеге өсіп, 441,91 теңге болды.









