Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арулар ақын мұрасын ардақтады

Арулар ақын мұрасын ардақтады

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Күләш Ахметованың туғанына биыл 80 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай ақынның шығармашылық мұрасын кейінгі буынға насихаттап, қыз балалардың өнері мен қабілетін таныту мақсатында Ақтан батыр ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Қыз – ұлттың болашағы» атты аудандық байқау өтті.
Тағылымды шараның шымылдығын мәдениет саласының ардагері Ұлмекен Қожақызы ашып, сайысқа қатысқан жас талапкерлерге сәттілік тіледі. Ауданның әр ауылынан жиналған қыздар өз өнерлерін ортаға салып, үш кезең бойынша сынға түсті.
Алғашқы кезеңде қатысушылар Күләш Ахметоваға арнаған жырларын оқыса, келесі кезеңде қолдарынан шыққан бұйымдарын таныстырып, шеберлігі мен шығармашылық ізденісін көрсетті. Ал қорытынды бөлімде ақын шығармашылығынан өздері таңдаған өлеңдерін жатқа айтты.
Сайыстың әр кезеңінде талапкерлердің дайындығы мен өнерін аудандық Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығы жанындағы екі жылжымалы мәдени-демалыс кешенінің маманы Гүлнұр Аралбаева, Қазалы қаласындағы М.Горький атындағы №16 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлбарам Жауғашарова және мәдениет саласының ардагері Ұлмекен Қожақызы бағалады.
Байқау қорытындысында бас жүлде Абай ауылынан келген Аяжан Әнеске бұйырды. Бірінші орынды Жалаңтөс ауылынан қатысқан Жібек Аманкелді иеленді. Ал екінші орынды Шәкен ауылынан Сандуғаш Әзілхан, Кәукей ауылынан Жансая Жалғасбай және Ақтан ауылынан Кәусар Құдайберген еншіледі. Үшінші орынды Өркендеу ауылынан Айару Мұса, Басықара ауылынан Бибінұр Қаназ және Жанқожа ауылынан Кәусар Сақтапберген өзара бөлісті. Сайыс соңында жүлдегерлер мен барлық қатысушыларға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
03 қазан 2026 ж. 25 0

Тынысы кеңейген кәсіп

03 қазан 2026 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031