Асыл тұқымды баптаған
Қазақтың ең көне ұлттық өнері – атсейістік. Көшпенділер жылқымен бірге өсіп, біте қайнасқан. Сондықтан да болар тұрмыс-салт, мәдениет пен өнерге қатыстыой тудырар тәмсілдерді көптеп қалдырған. «Ер қанаты – ат» деген бабалар аманаты бойынша бәйгеге қосар жылқыны жаратуға ерекше мән берген. Нағыз атбегі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатын жануарды алыстан таниды. Мұндай өнергедеген құмарлығы айрықша жандар Қазалы ауданында жетерлік. Солардың қатарындағыЕсенәлі Ақтілеуов бәйгеге жылқы баптай бастағанына он жылдың көлемі болды. Ал өзініңжеке қожалығын шыр айналдырғанына жиырмажылдан асты.
– Әйтеке би кентінің тумасымын. Бірақ бұл жақта жайылымдық жер қат болғандықтан Ғ.Мұратбаев ауылынан 1200 гектарлық жер алып, 2003 жылдары түйеден басқа түліктерді ұстадым. Кейін тек жылқыны ұстауды қолға алдым. Соңғы он жылдықта атбегілікке құмарлығым артты. Асылтұқымды ағылшындық Астория мен Асылторы және Шалқасқа есімді жылқыларымды бәйгеге қостым. Барлығы да жүлделі орындардан шығып жүрді.
Қазір Жамбылдан арнайылап әкелген ағылшын-араб асылтұқымын баптап жүрмін, – дейді атбегі.
Бүгінде Жұмыртұяқ атанған аттың шабандозы Абылай бір жылдан бері бәйгеден құр алақан қалмады. Жақында ғана Қоныс Бақшақбайұлының 100 жыл толуына орай және ҰОС және еңбек ардагері, Жұмабек Масақбайұлының 100 жылдығына ұйымдастырылған аста төртінші орындарды иемденді. Сонымен бірге Аламан жарысы бойынша Жанкент ауылының еңбек ардагері, балықшы Орынбасар Тынымбайұлы атындағы жүлденің үшінші орнын қанжығасына байлады.
– Осы атбегілікпен айналысқалы Мырзағұл есімді сейісім атты жаратып келеді. Бәйгеге қосар кезде қажетті кеңестерімен бөліседі. Абылайды да осы сейісім ұсынды. Ата-анасынан рұқсат сұрап, алдын ала ауылдан алдыртамын. Осылайша Жұмыртұяқпен бірге бірлесе бәйгеге дайындалады, – дейді Есенәлі Ақтілеуов.
Есенәлі Оңғарбайұлы атбегілікпен айналысқанынан бері жанын мазалап жүрген дертін жеңе білді. Бұл орайда жары Алтын Смағұлқызы «табиғатында ер азамат түздің адамы болғандықтан тыста көбірек жүруі денсаулығына оң әсер еткен болар» деген ойын жеткізді.
– Соңғы уақыттары экологиялық әсерден бе, әйтеуір жұбайымның қанқысымы көтеріле беретін болды. Ойласа келе балалары ондағы атқа деген қызығушылықты ескеріп, асылтұқымды жылқы сыйға тарту етті. Қорада бәйгеге қосар жеті қазынаның бірі пайда болғаннан бері отағасы үйде отырмайтын күйге жетті. Оның тазалығы, жуындыруы, жалы мен құйрығын тарап өруі, үш мезгіл ас-ауқатын беруі, дәрумендер егу, система салғызу, тағасын уақытылы қақтыру, оны шығарып серуендету бәрі бәрі өзінің қарауына берілді. Одан қалса, бәйгеге дайындалу жұмыстарымен жан-жаққа барады. Бос уақыты жоқ. Күн-түн атының қасында болуға дайын, – дейді Алтын Абибуллаева.
Тақымы атқа тиген қазақ әр уақытта арқаланып, қиялына қанат бітіп шабыттанады. Қуат қосып қайраттанатыны тағы бар. Сондықтан мінсе – көлігі, сойса соғымы болатын жылқыны табиғатына қарай тиімді пайдалана білген қазақтар жылқыны 3 топқа бөліп қараған. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны ерекше қадір тұтқан. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы делінген. Осылардың әр қайсысын өз алдына баптаған дегенді алға тартты Есенәлі Ақтілеуов.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА