Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды

Қазақстанда ауа райы күрт нашарлайды

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы Атланттан келетін циклонның ықпалында болады.
Фото: pixabayФото: pixabay

Ел аумағында алдағы үш күнде (4–6 қараша) ауа райы құбылмалы болып, республиканың басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы Атланттан келетін циклонның ықпалында болады. Ол қар жаууына, желдің күшеюіне және көктайғақтың түзілуіне себеп болады.
"Республика бойынша тұман, көктайғақ, ал солтүстік өңірлерде боран күтіледі. Тек елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Сонымен қатар, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбырдың қарға ұласуы және кей жерлерде қардың қалың түсуі мүмкін.
Ауа температурасы да күрт төмендейді:
  • Солтүстік пен орталық өңірлерде күндіз -2...-10°C дейін суытады;
  • Оңтүстік және оңтүстік-шығыста +2...+7°C шамасында болады.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз болуына байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.

04 қараша 2025 ж. 132 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 113

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 127

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930