Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болғанын ескертті

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болғанын ескертті

Алаяқтар тексеріс жүргіземіз, шоттарыңызды бұғаттаймыз деп қорқытады немесе «мәселені шешуді» ұсынады
Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болғанын ескертті
Фото: istockphoto.com
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа алаяқтық схемалар пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алаяқтар өздерін мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері ретінде таныстырып, салықтық есептіліктің (270-нысан) жоқ екендігін, «айыппұл» салынатынын айтып немесе есептілікті тапсырмағаны үшін «банк шоттары жабылады» деп қорқытады.
«Басқа алаяқтық тәсілдерге мессенджерлер (оның ішінде WhatsApp) арқылы Мемлекеттік кірістер комитеті немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығының атынан бизнес субъектілерінің қаржылық мониторинг, тексеру немесе өзге де бақылау тізімдеріне енгізілгені туралы хабарламалар жіберу жатады», - деп жазылған хабарламада.
Комитет аталған хабарламалардың салықшылардың жұмысына қатысы жоқ екенін атап өтті. Олардың мақсаты салық төлеушілерді шатастыруға, олардың жұмысына кедергі келтіруге және кей жағдайларда бопсалауға бағытталған.
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді төмендегі ресми арналар арқылы ғана ақпараттандыратынын еске салды:
  • kz және/немесе kgd.gov.kz порталдарындағы Салық төлеушінің кабинеті арқылы;
  • Электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ресми хаттармен;
  • Расталған (верификацияланған) ресми әлеуметтік желілер мен мессенджердегі аккаунттар арқылы;
  • ЕПИРГО gov.kz ресми интернет-ресурсында жарияланған баспасөз хабарламалары мен хабарландырулар арқылы;
  • Байланыс орталығының 1414 нөмірлі жедел желісі арқылы.
 Белгісіз нөмірлерден келіп түскен, тексеріс жүргізу, қаржылық мониторинг тізімдеріне енгізу туралы қорқыту сипатындағы хабарламалар, сондай-ақ «Комитет өкілдерімен» хабарласуды, декларация тапсырмау мәселесін шешуді немесе банк шоттарын бұғаттаудан «құтқару» үшін «көмек» көрсетуді сұрайтын өтініштер – алаяқтық әрекеттер болып саналады.
МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілерге электронды пошта, WhatsApp және Telegram арқылы хабарлама таратылмайды, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ешқашан кодтар, ЭЦҚ немесе жеке деректерді сұрамайды.
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақша қаражатын аудармауға, алынған хабарламалардың шынайылығын тексеруге және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады.



04 қараша 2025 ж. 205 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 144

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 138

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031