Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге маңызды ескерту жасады

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге маңызды ескерту жасады

Ведомство өкілдері көлікті қыс мезгіліне дайындап, жолда жылдамдық пен арақашықтықты сақтау қажеттігін ескертті.
Фото:
istockphoto
Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер мен жолаушыларға маңызды үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ведомство өкілдері көлікті қыс мезгіліне дайындап, жолда жылдамдық пен арақашықтықты сақтау қажеттігін ескертті.
– Құрметті азаматтар! Алдағы күндері ел аумағында ауа райының нашарлауы күтіледі: қар жауып, көктайғақ болып, жел күшейіп, жолдарда көріну деңгейі төмендейді. Ішкі істер министрлігі барлық жүргізушілерді барынша мұқият болуға және көліктерін алдын ала дайындауға шақырады: дөңгелектерді, тежегіш жүйесінің жағдайын, техникалық сұйықтықтардың деңгейін және қажетті қысқы жабдықтардың бар-жоғын тексеріңіздер. Әсіресе жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын және қалааралық жолдарға шығатын жүргізушілерге айтарымыз: жылдамдық режимін, арақашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтаңыздар. Өз өмірлеріңіз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін сақтаңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Айдын Оразбаев.
04 қараша 2025 ж. 263 0

Тазалық пен тағзым

21 сәуір 2026 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930