Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кіріс жоқ, шығыс көп: 2025 жылы бюджетте 10 трлн теңге дефицит

Кіріс жоқ, шығыс көп: 2025 жылы бюджетте 10 трлн теңге дефицит

Коллаж: ulysmedia.kz.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров болжам бойынша республикалық бюджет кірісі 2025 жылы 15,6 трлн теңгені немесе 2025 жылы (ЖІӨ-нің 10,4%), 2026 жылы 16,7 трлн теңгені (ЖІӨ-нің 9,9%) құрайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Байбазаровтың айтуынша, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) болжамдар бойынша 2025 жылы 15,6 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 10,4%, 2026 жылы – 16,7 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 9,9%, 2027 жылы – 18,2 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 9,6% құрайды.

– Республикалық бюджеттің параметрлерінде кепілдендірілген және нысаналы трансферттердің мөлшері ескерілген. Осыны ескере отырып, республикалық бюджет шығындары 2025 жылы 25,8 трлн теңге көлемінде болжануда, бұл жалпы ішкі өнімге 17,1%, 2026 жылы – 23,2 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 13,7%, 2027 жылы – 24,6 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 12,9% құрайды. 2025 жылы 3 250 млрд теңге көлеміндегі нысаналы трансферт әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ өңірлік өсу деңгейін қолдауға бағытталады, – дейді ол.

Министрдің сөзінше, 2025 жылы бюджет тапшылығын 2026–2027 жылдары жалпы ішкі өнімге қатысты тиісінше 2,2%-ға және 1,9%-ға дейін төмендете отырып, жалпы ішкі өнімге қатысты 2,7% деңгейінде айқындау ұсынылады.

– Мұнай емес тапшылық деңгейі болжам бойынша 2025 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 7,3%-дан, 2027 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 4,0%-ға дейін төмендейді. Сонымен қатар Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы енгізіледі, – дейді Байбазаров.

Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026-2027 жылдары барреліне 41,0 – 39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленген.
28 тамыз 2024 ж. 313 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 128

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 124

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930