Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Минустан плюске шықтық – Ұлттық экономика министрі

Минустан плюске шықтық – Ұлттық экономика министрі

Парламент Сенатының жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2021 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылау туралы айтты.

Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтар айындағы минус 4,5% пайыздан сәуір айының қорытындысы бойынша плюс 0,7% пайызға дейін жақсарды. Макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 50 доллар деңгейінде айқындалды. Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының болжамдары бойынша әлемдік экономиканың өсуі осы жылы 4,3% және 6 % құрайды, - дейді Әсет Ерғалиев.
Ол ел экономикасының өсу болжамы 2,8% пайыздан 3,1% дейін жақсарғанын айтты.
Осылайша экономикалық өсім қалпына келу сатысында болады. Бұл ретте номиналды жалпы ішкі өнім 77,8 трлн теңге көлемінде бағалануда. Сыртқы сұранысты қалпына келтіру аясында металлургиядағы өндірістің неғұрлым белсенді өсу есебінен өңдеуші өнеркәсіптегі болжамды көрсеткіштер 4,1%-дан 5,2% -ға дейін жақсарды. «Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт 10,8 млрд долларға, яғни 52,2 млрд долларға дейін ұлғаяды. Импорт 37,1 млрд долларды құрайды. Инфляция бұрын бекітілген 4-6% дәлізде сақталды, - дейді министр.
Ол түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2021 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланғанын жеткізді.
Республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 2021 жылы 7 трлн 204 млрд теңге көлемінде бағаланады. Ұлттық қордан кепілдендірлген трансферт өзгермейді және 2 трлн 700 млрд теңге мөлшерінде сақталды. Ұлттық қордан нысаналы трансферт 1 трлн теңгеден 1 трлн 850 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Республикалық бюджет шығыстары 15 трлн 334 млрд теңге көлемінде болжанып отыр. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,5% деңгейінде болжанып отыр, - деді Әсет Ерғалиев.


20 мамыр 2021 ж. 639 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031