2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 триллион теңге бөлінеді
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы қаралды, – деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Оған сәйкес, келесі жылы 21,7 трлн теңге (2026 жылы – 19,4 трлн теңге; 2027 жылы – 20,9 трлн теңге) деңгейінде түсімдер болжанған. Сонымен қатар Ұлттық қордан 2 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тарту жоспарлануда. 2025 жылға арналған бюджет шығыстары 25,8 трлн теңгені құрайды.
Айта кету керек, бюджет әлі күнге әлеуметтік бағытта қалып отыр. Қазақстан Үкіметі аталған салаға 9,8 трлн теңге бөлді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге артық.
ҚР Қаржы министрлігі басшыларының деректері бойынша шығыстардың негізгі бөлігі инфляция деңгейіндегі әлеуметтік төлемдерді индексациялауға (базалық зейнетақы мен жәрдемақы 6,5%-ға, ортақ зейнетақы 8,5%-ға), гранттар санын қосымша 2,5 мың орынға ұлғайту, ЖОО студенттеріне шәкіртақы мөлшерін 15-20%-ға арттыру, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтуды арттыру.