2025 жылы ЖІӨ өсімі 5,6%-ды құрайды
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2025-2027 жылдарға арналған болжамы, сондай-ақ «ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады.«Сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты үш даму сценарийі қарастырылады: базалық, оптимистік және пессимистік. Базалық сценарийде мұнайдың орташа бағасы барреліне $75 деңгейінде ұсынылады. 2025 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі болжам бойынша 5,6%-ды, ЖІӨ-нің 5 жылдағы орташа жылдық өсімі 5,4%-ды құрайды. Номиналды ЖІӨ 2025 жылы 150,8 трлн теңгеден 234,2 трлн теңгеге немесе 2029 жылы $498,4 млрд дейін өседі, бұл Мемлекет басшысының экономика көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте экономиканың барлық салаларында өсім күтілуде», – деді Н.Байбазаров.
https://t.me/KZgovernment












