Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы жылдары бюджет тапшылығы бола ма?

Алдағы жылдары бюджет тапшылығы бола ма?

2022 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,3% деңгейінде болжанып отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ұлттық банк жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 2022 жылы 4-6 %, 2023-2024 жылдары – 4-5% аралығында, 2025-2026 жылдары – 3-4% шегінде сақталған. Осы макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 2022 жылы болжамдар бойынша 9,2 триллион теңгені, 2023 жылы - 9,7 триллион теңгені, 2024 жылы - 10,4 триллион теңгені құрайды», деді Ә.Ерғалиев.

Оның айтуынша, кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы - 2,4 триллион теңге, 2023 жылы - 2,2 триллион теңге және 2024 жылы - 2 триллион теңге мөлшерінде айқындау ұсынылып отыр.

«Бұдан басқа, Ұлттық қордан 2022 жылы 550 миллиард теңге мөлшерінде, оның одан әрі қысқаруымен 2023-2024 жылдары жыл сайын 400 миллиард теңгеден нысаналы трансферт тарту ұсынылады. 2022 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 3,3% деңгейінде, кейіннен 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 2,5% дейін төмендеумен болжанып отыр. 2022 жылы мұнай емес тапшылық ішкі өнімге қатысты 8,1% құрап, кейіннен 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 6,3% дейін төмендейді», деп түсіндірді министр.

Республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылы 15,9 триллион теңге, 2023 жылы – 15,6 триллион теңге және 2024 жылы – 16 триллион теңге көлемінде болжанып отыр.
20 қазан 2021 ж. 459 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031