Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туыстар таңдауы

Туыстар таңдауы

Ішкі істер саласында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сапында еңбек етіп келе жатқан ағайынды Бердібековтер бағындырған биіктер көп.

Елге қызмет етуді ердің міндеті деп ұғынған бауырларды әріптестері адал еңбек пен таңдаған мамандықтарына беріктікке тәрбиелейтін үлгі деп баға­лайды.
Отбасының тұңғышы Самат Сейілхан­ұлы болашағын құқық қорғаумен мектеп жасында жүріп-ақ байланыстырыпты. Ұстамды, ізденімпаз қабілетін қажеттігі бар іске жұмылдыруды мақсат тұтады. Сабақ үлгерімі жақсы талапкердің қандай оқу орынын таңдаса да, мүмкіндігі бар болатын. Алайда Самат қоғамдық тыныштықты түзететін маман иесі болуға бел буады.
Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атын­дағы университеттің құқықтану маман­дығын тәмамдаған жас маманның еңбек жолы Қызылорда патрольдік полиция батальонында инспектор қызметінен басталады.
Бұған дейін жоғары оқу орнында алған білімін енді ол тәжірибемен тоғыстырады. Қиындығы көп саланың қыр-сырына үңіліп, қызығушылығы мен ізденісін арттыра түседі. Алғашқы орындағы үш жыл капитан Бердібековтің әлі есінде. Облыс орталығында шарболаттай шыңдалған полицей 2012 жылы туған жері Қазалыға оралады. Алғаш аудандық бөлімнің әкімшілік қамау орнында қызмет етсе, 2016 жылдан учаскелік полиция инспекторы болып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау сапында тер төгіп келеді.
Ішкі істер органдарында бір отбасының бірнеше адамының болуы қызметке деген құрмет, парызға адалдық. Алдыңғы буын ағасының ісін мақтанышпен жалғап келе жатқан Алмат Бердібековке мамандықтың маңызы бала күнінен қалыптасады.
«Інім мен қызмет ететін салаға қызығушылық танытқанда, іштей қарсылық білдіргенім бар. Алайда «Ішінде кімнің оты бар, Қар жауса да сөнер ме?» дегендей, жүзіндегі жалын, батыл байламы мені тәнті етпей қоймады. Жаңадан оқу бітіріп келген жастарға еңбекке етене араласу оңайға түспейді. Алмат та, Асхат та қызметтің жауапкершілігін, қиындықтары мен қауіптілігін жан-тәндерімен сезініп өсті. Қазір бір-бірімізге қолдау білдіріп, ортақ саланың қыр-сырымен жақсы әріптес, жақын туыс болып, бөлісеміз», – дейді Самат.
Алмат Бердібеков – ҚР Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қара­ғанды академиясының түлегі. Құқықтану мамандығын алған дипломды маман 2010 жылы аудандық полиция бөліміне жедел уәкіл болып жұмысқа орналасады. 2019 жылы жедел криминалистика бөлімшесінде. Мұнда қатардағы криминалистен бөлімше бастығы лауазымына дейін жоғарылайды.
Жедел қызметкердің алдында қашан да жауапты міндет тұрады. Қылмысты ашу, іздестіру, құрықтауда жинақылық, шапшаңдылық, тез шешім қабылдауға бейміділік қажет. «Ізін суытпай», қажетті шараларды қабылдауда кәсіби шеберлік сыналады. Бұл тұрғыда полиция капитаны А.Бердібековтің бастамасымен ашылған істер көп. Әсіресе қазір өршіп тұрған алаяқтық құрбандарын құрықтауда жинаған тәжірибесі мен жинақылығы көмегін тигізген. Қарамағындағы аға жедел уәкіл, жедел уәкіл, кинологтардың әрбірі «сен тұр, мен атайын» дейтін кәсіби мамандар.
Бүгінде жауапты жолдағы өріс отбасында ортақ басымдыққа айналып үлгерген. Қос ағасының жолын жалғаған Асхат Бердібек те тәртіп сақшысы. Қызылорда облыстық полиция департаментінің жылдам қимылдайтын жасақ уәкілі болған ол 2015 жылдан облыстық мемлекеттік күзет басқармасында. Полиция капитанының жас бола тұра, алған асулары көп.
Қызмет бабында кездестірген, ерекше есте қалған оқиғалар, мақтау-марапаттары туралы сұрағанымызда, ағайындылар айтудан бас тартты. «Қиындық та, қызық та өз уақытында өтіп жатады. Бізің мамандығымыздың маңызы сонда. Бір-біріне ұқсамайтын оқиғаларға жиі ұшырасамыз. Кейде олардан өмірлік сабақ түземіз. Салалық марапаттар да бар. Бірақ біздің жұмыс онымен өлшенбейді. Талап пен қауіпсіздік үдесінен көріну», – дейді Алмат Сейілханұлы.
Түрлі бөліністе кейде тоғысуларына тура келетін туыстар ондайдың қиындығы да, жеңілдігі де бар. Тағдырларын ішкі істер саласымен байланыстырған ағайындылар таңдау сырын жігіттер тәрбие алған ұядағы адалдық, әділдік, серттен таймау кредосынан туындаған деп топшыладық.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА

22 маусым 2024 ж. 242 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031