Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапкершілігі жоғары инспектор

Жауапкершілігі жоғары инспектор

Қиындығы мен қызығы қатар өрбіген ішкі істер органында он бес жылға жуық қызмет атқарған Оразбай Әбдіхалықов – Қазалы ауданына қарасты Ү.Түктібаев ауылының тумасы. Қоғамдық орта мен тұрғындар тыныштығын қорғауды парызына балап, болашағын осы арнаға тоғыстырған ол бүгіні полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Алматы қаласындағы училищесін үлгілі аяқтаған соң еңбек жолын осы мекемеде учаскелік полиция инспекторының көмекшілігінен бастайды. Мұндағы маман адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етіп, тұрақты тәртіпті нығайтып, әлеуметтік әлеуеттің жақсаруына атсалысады.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қабырғасындағы білікті оқытушылардан өзіне өмірлік азық болар сабақ алған жас маман теориялық білімін іс-тәжірибемен ұштастырады. Жауапты саланы бірден игеріп кету кім-кімге де оңайға соқпайды. Осы жолда өзіне тәлімгерлік танытып, бай тәжірибесімен бөліскен Қаныш Жұбатқанов, Нұрлыбек Суханбердин, Бақытжан Оразбаев сынды алдыңғы буын ағалар қамқорлығын ешқашан естен шығармайды.

Тәртіп сақшысы сұхбаттасу үстінде: «Алғашқы қызметке орналасқан кезеңмен бүгінгі күнді салыстыруға келмейді. Ол кездегі азаматтардың құқықтық сауаттылығы қазіргідей болмайтын. Қолданыстағы технологияның жетістігі мен ізгіленген заңдағы оң өзгерістер олардың санасына ықпалын тигізбей қоймайды», — деген ойын ортаға салды.

2010 жылы учаскелік полиция инспекторы лауазымына белгіленген ол өзіне жүктелген аймақтар бойынша ережеге сай жұмыс жасайды. Полицейлердің бұл түрі бір бағыттағы іспен айналыспайды. Қоғамдық өмірде ілгері дамумен бірге кереғарлық, түсініспестік жайлар да қатар жүреді. Бұл жолда тәртіп сақшысы талай заң бұзушылармен кездеседі. Бір-біріне ұқсамайтын түрлі жағдайлар Оразбайды одан әрі ширата түседі. Жас полицей қызмет барысында талай қылмыстардың алдын алып, ізін суытпай ашуда тындырымды тірлігімен танылды.
Қазірде өзіне тиесілі Әйтеке би кентіндегі 10-әкімшілік учаскесінің тыныс-тіршілігімен толықтай таныс полицейді учаскедегі тұрғындар да жақсы біледі.

«Учаскелік полиция инспекторы болу жан-жақтылықты талап етеді. Сен әрдайым айналаңдағының барлығын қалт жібермей, қадағалауың керек. Физикалық тұрғыдан мықтылық көрсетумен бірге, психолог болуың да шарт. Бізге түрлі шақыртулар түседі. Онда барғанда адамдарды терең танып-білумен бірге өзіңнің жедел әрекет жасауға жоспар түзуің керек», – дейді Оразбай Сағидуллаұлы. Сонымен бірге түпкілікті шешім қабылдағаннан кейін де жауапкершілікті ұмытпай, үлкен ойда жүретінін де жасырмады. Өйткені полиция капитаны адам тағдырына жауапты екенін ешқашан естен шығармайды.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
22 маусым 2019 ж. 1 164 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 60

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 52

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930