Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін - Дүниежүзілік су ресурстары күні

Бүгін - Дүниежүзілік су ресурстары күні

Фото: Су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін - Дүниежүзілік су ресурстары күні. 1992-ші жылы БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференциясында 22-ші наурыз - Дүниежүзілік су ресурстары күні деп жарияланған болатын, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл күні біз тіршілік көзі болып табылатын судың баға жетпес байлық екенін тағы бір мәрте еске салып, су ресурстарын сақтау және оны тиімді пайдаланудың маңызды жөнінде ойлануымыз керек.

«Судың да сұрауы бар» деп өсиет қалдырған ата-бабамыз бұлақ көрсе көзің ашып, тіршілік нәрінің қадірін бағалай білген. Ендігі біздің міндетіміз – осы судың ысырапшылдығына жол бермей, қолда бар ресурсты үнемдеп пайдалану. Ол әрбір тұтынушыға қатысты.

Осы мақсатта, Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа Су кодексінің жобасын әзірледі. Жаңа редакцияда біз тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның су ресурстарын келешек ұрпаққа сақтау үшін нақты іс-шаралар қабылдадық.

Жаңа Су кодексінде су ресурстарын тиімді пайдалануға, су үнемдеу технологиялары мен суды қайта пайдалану жүйелерін қарқынды енгізуге басымдық беріледі. Ал, су саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілік заңнамалық деңгейде күшейтіледі.

Бұдан бөлек, Үкімет біздің министрлік әзірлеген ҚР су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдамада еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын азайту мақсатында 20 су қоймасын салу, 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналды реконструкциялау және гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту бойынша бірқатар шұғыл шаралар қарастырылған.

Министрлік шаруаларды су үнемдеуге және оны тиімді пайдалануға ынталандыру бағытында да белсенді жұмыс істеп жатыр. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиядау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ауыл халқының 96,6%-ы, қала тұрғындарының 98,9%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Министрлік 2025 жылдың соңына қарай қазақстандықтарды 100% сапалы ауыз сумен қамтуды жоспарлап отыр.

Министрлік жұмысының тағы бір басым бағыты - елімізде су ресурстарын ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыру.

Суды тек кәсіпорындар мен шаруалар ғана емес, кез-келген қазақстандық үнемдеуі тиіс. Сол себепті де сіздерді ортақ іске үлес қосып, судың әр тамшысына жауапкершілікпен қарауға шақырамын»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
22 наурыз 2024 ж. 159 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 60

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 68

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 68

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 50

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031