Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жаңа Су кодексі әзірленеді

Елімізде жаңа Су кодексі әзірленеді

Жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстанның жаңа Су кодексі қандай болатынын айтты, деп хабарлайды baq.kz
Министрдің айтуынша, министрлік өзекті мәселелер мен жаңа сын-қатерлерді ескеріп, жаңа редакцияда Су кодексін әзірлеуде.
Бастапқы кезеңде ұлттық заңнама және су ресурстары саласындағы халықаралық тәжірибе (Австралия, Германия, Израиль, Канада, Өзбекстан) зерттелді. Қолданыстағы су заңнамасының әлсіз жақтарын анықтау үшін Бассейндік инспекцияларға жұмыс сапарлары жүзеге асырылды,-деді министр.
Су кодексінің жобасында:
- ирригация және дренаж;
- сумен жабдықтау және су бұру;
- бөгеттердің қауіпсіздігі бойынша жаңа бөлімдер әзірленіп жатыр.
Ал, су кодексінің жобасы шеңберінде:
- су пайдалану лимиттерінің сақталуын бақылаудың жеделдігін арттыру мақсатында бассейндік инспекцияларға қадағалау функцияларын беру;
- жер үсті және жер асты суларының сапасын басқару;
- су шаруашылығын мемлекеттік қолдау мәселелері пысықталып жатыр.
13 қазан 2023 ж. 414 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031