Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 450-ден астам су саласы маманы біліктілігін арттырады

450-ден астам су саласы маманы біліктілігін арттырады

Фото: ОКҚ
Биыл су саласының 450-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтардың жанындағы біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласы мамандарының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство жанынан су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрылған. Кеңестің ережелері және кәсіптік стандарттарды өзектендіру жөніндегі жұмыс жоспары бекітілген, оның негізінде су саласы мамандарын даярлау жөніндегі білім беру бағдарламалары жаңартылмақ.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша өңірлердегі студенттер су шаруашылығы ұйымдарында өндірістік практикадан өтіп, одан әрі жұмысқа орналасуы үшін ЖОО-лармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау жоспарланып отыр. Сонымен қатар биылдан бастап кейбір су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға өсті. «Мұндай іс-шаралар су саласындағы мамандықтардың беделін арттырып, студенттерді магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыруға, ал саладағы мамандарды біліктілігін арттыруға, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша да білімін шыңдауға ынталандыруға тиіс», деді министр.
21 ақпан 2024 ж. 289 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 142

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031