Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келешекте қос дипломды білім беру бағдарламасы іске асырылмақ

Келешекте қос дипломды білім беру бағдарламасы іске асырылмақ

Kyzylorda-news.kz. Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің базасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойылды.

Қырғыз серіктестер 2023 жылдың 7 шілдесінде жасалған ынтымақтастық туралы меморандум негізінде университеттің өкілдігі үшін кабинет пен материалдық-техникалық базаны тегін ұсынды.

Келісім шеңберінде тараптар бірлескен ғылыми-білім беру іс-шараларын: білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, магистрант, докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын өзара кеңейтуге, бірлескен білім беру бағдарламаларын құруға, халықаралық рейтингтерге қатысуға, шетелдік студенттерді жалдауға, сондай-ақ мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға келісті.

Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетіне Қырғыз Республикасы Президентінің 2022 жылғы 18 шілдедегі №243 Жарлығымен кең ұйымдастырушылық, қаржылық және академиялық дербестікті көздейтін ерекше мәртебе берілді. Сонымен қатар, осы университетке Қырғыз мемлекеттік заң университеті қосылды. Университетте 28 мыңға жуық студент бар, оқыту бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде 145-тен астам білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

Болашақта Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетімен қос дипломды білім беру бағдарламаларын құру жоспарлануда.
27 желтоқсан 2023 ж. 213 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 71

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 73

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 71

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 65

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930