Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 10 мыңнан астам студент білім алады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 10 мыңнан астам студент білім алады

Биыл аймақтағы үздік жоғары оқу орны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін таңдайтын талапкерлер қатары көбейді. Өткен жылғы оқу жылымен салыстырғанда білім алушылар контингенті 13%-ға, ал грант саны 25%-ға артты. Бүгінде бұл білім ордасында 10 мыңнан астам студент білім алады. Жаңа оқу жылындағы өзге де жаңалықтар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында «Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату жоспарлануда. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек» деген болатын. Осы ретте, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Оңтүстік Корея Республикасы Үкіметінің қолдауымен Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен (SeoulTech) ынтымақтастық аясында Жасанды интеллект және бизнес-инкубация жоғары мектебі ашылады. Мұнда жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және информатика саласындағы үздік кадрлар дайындалатын болады», - деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяның Шинхан университетімен білім беру бағдарламаларын оқыту, материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру көзделуде. Университет білім сапасымен бірге, студенттерге қолайлы жағдай жасап келеді. Білім алушылардың қатары көбейгенімен жатақхана мәселесі туындамайды екен. Университет бойынша жатақханалардағы орын саны – 1230, қазіргі уақытта студенттер үйіне 1097 білім алушы жолдама алды. Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға көбейген. Оқытушылардың жалақысы да едәуір артқан.
05 қыркүйек 2023 ж. 340 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 183

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 169

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 162

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930