Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістандағы Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетіне ерекше мәртебе берілді

Түркістандағы Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетіне ерекше мәртебе берілді

Президенттің 15 қаңтардағы жарлығымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ерекше мәртебе берілді, деп хабарлайды.

Университетке берілген осы мәртебе оның академиялық және басқарушылық дербестікке, оның ішінде PhD және профильдік бағыттағы докторлық дәрежені беру, білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтап, өз үлгілерімен дипломдар беру мүмкіндігін береді.
"Университеттің бағдарламалары бойынша білім беру грантының құны да артады, нәтижесінде бұл профессор-оқытушылар құрамның жалақысын арттыруға және материалдық-техникалық базаны жаңартуға мүмкіндік береді. Аталған шаралардың барлығы университетке ғылыми және педагогикалық кадрларды тарту полюсі болуға, бүкіл аймақтың дамуына серпін беріп, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі.
Университет 1992 жылы Түркістан қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды және ол Қазақстандағы жалғыз халықаралық университет болып табылады.

today.kz
18 қаңтар 2020 ж. 691 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 80

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930