"Каспи обналичкамен" айналысатындарға қандай жаза қарастырылған?
Қазір Kaspi bank арқылы ақша алмастырушылар көбейген. Мамандар мұндай әрекет заңға қайшы дейді. Заңсыз екеніне қарамай, онымен айналысатындарға қандай жаза қарастырылған? Заңгер жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, несиеге алынған тауардың қаражатын қолма-қол ақшаға айырбастаумен айналысу "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" 218-бапқа сәйкес заңсыз деп танылған. Заңға қайшы әрекет еткен азамат, бас бостандығынан айырылады немесе үлкен сомада айыппұл төлейді.
"Каспи ред арқылы обналичка жасау, заңға сәйкес, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға не 5000 АЕК мөшерінде айыппұл салуға әкеледі", - дейді заңгер Мәулен Спанқұлов.
Бап бойынша, қылмыстық құқықбұзушылықтардан түскен кірістер, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған мүліктен түсетін кез келген кірістер болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және пайдалану, егер мұндай мүліктің қылмыстық құқықбұзушылықтардан түскен кірістер болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға делдалдық етсе, азаматтың
* мүлкі тәркіленеді;
* 5000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады;
* не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына;
* не 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге;
* не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеледі.
Егер іс-әрекет адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өзінің қызмет бабын пайдаланып, ол бірнеше рет қайталанса,
* мүлкі тәркіленеді;
* 3000-нан 7000-ға АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға;
* не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына;
* не 3-тен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
1. мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;
2. қылмыстық топ құрылса;
3. iрi мөлшерде жасалған іс-әрекеттер,
мүлкі тәркіленіп, ал 1) тармақта көзделген жағдайларда – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Айта кетейік, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) мүлікті заңдастыру дайындалып жатқаны не оның жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның әрекеттерінде осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстар немесе өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.