Жас ұстаз жеңімпаз атанды

ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Жастарды қолдау саясаты әрқашан мемлекет назарынан түскен емес. Еліміздің болашағы – бүгінгі жастардың қолында. Озық ойлы, ұшқыр қиялды, жаны жайсаң, кең жүректі білікті ұстаздардан білімді де білікті шәкірттер шығатын белгілі. Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін анықтау, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне жауапкершілікпен қарау мақсатында ұйымдастырылған сайыста нағыз мықтылар алға шықты.
Байқауға аудандық, қалалық кезеңінен жеңімпаз болған 30 жасқа дейінгі 7 үміткер тест сынақтары, өзін-өзі таныстыру, панорамалық сабақтар шеруі, идеялар шеруі, партфолио қорғау кезеңдері бойынша бақ сынады.
Жас жүйріктер додасының қортындысына сәйкес, №276 орта мектептің пән мұғалімі Нүркен Жұбатқан қарсыластарын қапы қалдырып, бірінші орын тұғырынан табылды.
Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат