Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар арасында сайыс өтті

Ұстаздар арасында сайыс өтті

6 желтоқсан күні Қазалы қаласындағы №16 мектеп-лицей базасында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арасында «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - 2022» аудандық байқауы өтті.
Сайысқа қатысушылар «Мен қазіргі заман педагогімін», «Мұғалімнің шығармашылық шеберханасы», «Мектептегі спорттық іс-шараның өткізілімін таныстыру» кезеңдері бойынша сынға түсті.
Жарыс нәтижесіне сәйкес, І орынды №216 мектептің мұғалімі Құлназаров Жамбыл, күміс жүлдені №91 мектептің мұғалімі Бақытбергенов Дәулет алса, үздік үштікті №234 мектептің оқытушысы Оташев Махамбет пен №92 мектептің ұстазы Ыхласов Сәбит бөліске салды. Бұдан бөлек, додаға қатысушы Лепес Ержан, Жамбылов Бүркітбай мен Сәрсенғали Байболат есімді ұстаздар аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Шара барысында ерекше көзге түскендерге бағам белгіленді. Мәселен, «Жаңашыл мұғалім» бағамына №94 мектептің мұғалімі Қожаниязов Алпамыс лайық деп танылса, «Креативті мұғалім» номинациясы №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Орынбеков Олжасқа бұйырды. №226 гимназияның мұғалімі Жолмырзаев Ғани «Шебер ұйымдастырушы» атанды.
Аудандық байқау жеңімпазына «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі -2022» облыстық байқауына жолдама беріледі.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
11 желтоқсан 2022 ж. 789 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930