Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздіктер үзеңгі қағыстырды

Үздіктер үзеңгі қағыстырды

Сейсенбі күні Сәкен Сейфуллин атындағы №165 мектептің базасында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арасында «Үздік жас маман – 2022» аудандық байқауы өтті.
Аудандық байқауға бірқатар спортты серік еткен мектеп мұғалімдері қатысты. Қатысушылар бірнеше тур бойынша бақ сынасты. Дәлірек айтсақ, байқау «Тест сұрақтары», «Өзін-өзі таныстыру», «Панорамалық сабақтар шеруі» мен «Идеялар шеруі» және «Портфолио» яғни мұғалімнің жеке шығармашылық жұмысы, әдістемелік жинақ, баспа материалдары портфолио қорғау сынды кезеңдерден тұрады.
Барлық қатысушылар жоғары белсенділік танытып, олардың әрқайсысының үздік маманға лайықты екенін дәлелдеді.
Нәтижесінде «Үздік жас маман – 2022» аудандық байқау бойынша І орынды №276 мектептің мұғалімі Нүркен Жұбатқан үздік жас маман атанды. Ал ІІ орынды №165 мектептің мұғалімі Мұратбек Үсентай қанжығаласа, қола жүлдені №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Жанжос Қартбай пен №266 мектеп-лицейдің мұғалімі Шынболат Келінбай місе тұтты.
Сонымен қатар аудандық байқаудың жеңімпазы №276 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нүркен Жұбатқан «Үздік жас маман – 2022» облыстық байқауына жолдама жеңіп алды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
30 қараша 2022 ж. 1 174 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 137

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 124

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30