Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Серпінді сенбілік ұйымдастырылды

Серпінді сенбілік ұйымдастырылды

Кеше тазалыққа жаны құмар Қазалы ауданының тұрғындары жаппай сенбілікке шығып, киелі орындар мен шет аймақтарды тазалады.
Қайрақбай Орынбасаров басшылық жасайтын Әйтеке би кенті әкімі аппаратының ұжымы аудан орталығындағы батыр әрі әулие Жанқожа Нұрмұхаммедұлының кесенесінде сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Қолдарына қажетті құрал-саймандарын ұстаған азаматтар кесене айналасында шашылған жапырақтарды тазалап, арнайы орынға жинастырды.
Ұйымшылдықпен игілікті іске атсалысқан ұжымға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Мұнан соң қолына тырма алып, кесене аумағындағы арықтардың айналасын тазалады.
Аудан орталығындағы өзге мекеме-кәсіпорындар Әйтеке би кентінднгі "Қазақ" қорымының айналасын тазалады. Бүгінгі таңда шет аймақтың барлығын ұшқан пакеттер мен өзге қоқыстар басып қалған. Аудан тұрғындары ауласынан шыққан керексіз заттарды адам аяғы саябырлаған уақытта әкеліп тастай берген. Серпінді сенбілік барысында бей-берекетсіз шашылған қоқыстар жинастырылып, ретке келтірілді.
Бүгін дәл осындай сенбіліктер Қазалы қаласы мен барлық ауылдық округтерде де ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
13 қараша 2022 ж. 553 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 149

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 178

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 164

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 182

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031