Елімізде әскерге барудан қашқандарды заң жүзінде жауапқа тарту ұсынылды
Елімізде әскерге барудан қашқандарды ҚР Қылмыстық кодексіне өзгеріс енгізіп 1-ден 6 жылға дейін соттау ұсынылды, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Петропавл қалалық қорғаныс істері басқармасының басшысы Бауыржан Есенеев қалада әскери есепте 8 711 адамның тұрғанын, олардың тек 518-і ғана биыл әскер қатарына алынатынын айтты. Қалғандары отбасылық жағдайға, оқуына, мұғалім болуына байланысты, денсаулығына қатысты уақытша босатылған. Дегенмен әскерге баруға тиісті 510 азаматтың өзін мамандарға табуу қиындыққа түсіп жатыр екен.
"Әскерге шақыру науқанын өткізуде ең бастысы мәселе азаматтардың тұрақты жүрген жерін анықтау. Бізде әскери есепте тұрғандардың тұрғылықты жері мен уақытша мекен жайы халыққа қызмет көрсету орталығының электронды базасы арқылы нақтыланады. Алайда олар көрсетілген мекенжайларында тұрмауы мүмкін. Тағы 180 адам Қазастан аумағынан шығып кеткен. Бұл ҚР ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті шекара қызметінің берген мәліметі", - деді Бауыржан Есенеев.
Маман әскерге шақырылушылардың бөлімге келуге мәжбүрлейтін заңды тетіктер болмағандықтан нормативті-құқықтық актілерге бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынбақ.
“ҚР Қылмыстық кодексінің 387-бабына өзгеріс енгізуді ұсынамыз. Әскери қызметтен өтуге бас тартқандарға, шақыру учаскесіне, облыстық жинақтау пунктіне келмегендерді 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесу талап етіледі. Ал әскерге бармау үшін жалған сырқаттанғандар мен өзіне-өзі жарақат салатындарға, жалған құжат жасайтындарға және шақыру учаскесіне, облыстық жинақтау пунктіне бірнеше рет келмегендерге 3 жылдан 6 жылға дейін жаза кесуді ұсынамыз", - деп қосты басқарма басшысы.