Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерге барудан жалтарғандарға 3 млн теңге айыппұл салынады

Әскерге барудан жалтарғандарға 3 млн теңге айыппұл салынады

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 1 наурыздан 30 маусымға дейін жалғасады.
18-27 жас аралығында азаматтарға әскерге шақыру бойынша арнайы шақырту қағазы және sms-хабарламалар жіберіледі. Шақыртуды алған бойда олар медициналық комиссиядан өтуге міндетті.
"Егер әскерге шақырылушы бірнеше рет хабарлағаннан кейін жинау пунктіне келмесе, онда жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жалтарушының тұратын және жұмыс істейтін жеріне барады", — деп жазылған Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.
Министрлік медициналық тексерістен өту барсында егер азамат әскерге жарамсыз деп танылса, онда сол күні жинау пунктінен үйіне қайтарлатынын, ал қосымша тексеруді қажет етсе, онда медициналық мекемелерге жіберілетінін атап өтті.

"Сонымен қатар шақыру бойынша медициналық комиссия мен әскери қызметтен жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік ретінде қаралатынын естеріңізге саламыз. Шақыру қағазы бойынша медициналық тексеруге келмеген жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Әскери қызметтен жалтару 1 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзету жұмыстарына, не 400 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе одан айыруға әкеп соғады", — дейді Қорғаныс министрлігіндегілер. Айта кетсек, қазіргі уақытта елімізде 1 АЕК мөлшері 3063 теңгеге тең. Осылайша, әскери қызметтен жалтарғандарға 3 млн 63 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін.
14 сәуір 2022 ж. 1 041 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930