Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев президенттіктің 7 жылдық мерзімін не үшін енгізгенін ашық айтты

Тоқаев президенттіктің 7 жылдық мерзімін не үшін енгізгенін ашық айтты

Мемлекет басшысы ұлт мүддесін қорғайтын азаматтарға жол ашу қажет екенін ерекше атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президентті бір рет және 7 жылға сайлау тетігін не үшін енгізгенін айтты, деп хабарлайды sputnik.kz
Бүгін Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумында президент алдағы сайлаудың негізгі ерекшелігіне тоқталды.
"Тағы бір бастама – президенттің өкілеттігін 7 жылдық бір мерзіммен шектеу. Мен осы шешім туралы көп ойландым. Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес деген тұжырымға келдім. Мемлекеттің тірегі – жалғыз президент емес, бүкіл халық. Сондықтан ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы ұлт мүддесін қорғайтын және халыққа адал қызмет ететін азаматтарға жол ашу қажет екенін ерекше атап өтті.
"Нағыз мемлекетшіл, отаншыл, білікті тұлғалар жұртты жасампаз істерге жұмылдырып, Қазақстанды өркендете алады. Осы ұстаным мызғымас қағидатымыз болуға тиіс", - деп атап көрсетті Тоқаев.
06 қазан 2022 ж. 534 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 210

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930