Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент мандатының 7 жылдық кезеңі кез келген бағдарламаны жүзеге асыруға жеткілікті –Тоқаев

Президент мандатының 7 жылдық кезеңі кез келген бағдарламаны жүзеге асыруға жеткілікті –Тоқаев

Президент мандатының 7 жылдық кезеңі кез келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент бұл бастаманың негізіне тоқталды.
«Бір жағынан 7 жыл кез келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең. Екінші жағынан Президент мандатын бір мерзіммен шектеу Мемлекет басшысының жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша жұмылуын қамтамасыз етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды.

01 қыркүйек 2022 ж. 421 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031