Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өркениетті ел боламыз десек, еңбекті ең басты орынға қоюымыз керек - Тоқаев

Өркениетті ел боламыз десек, еңбекті ең басты орынға қоюымыз керек - Тоқаев

Тәуелсіздік – біз үшін ең басты құндылық. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Мен былтыр осы тұжырым туралы арнайы мақала жарияладым. Біз егемендігімізді сақтай алсақ қана, ұлт болып, ел болып тұра аламыз. Тәуелсіз мемлекет қана өзінің тілін, жерін, дінін, ділін сақтап қалады. Сондықтан, Тәуелсіздік – біз үшін ең басты құндылық. Тәуелсіздікті қорғау және нығайту – әрбір азаматқа, бәрімізге ортақ міндет! Тағы да қайталап айтамын. Дамыған, өркениетті ел боламыз десек, еңбекті ең басты орынға қоюымыз керек», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумында.
Президент еңбекқорлық – өскелең ұрпақтың бойына сіңген қасиет болуға тиістігін баса айтты.
«Бұл қасиет біздің өмір салтымызға айналуы керек. Масылдық ниеттен, бос сөзден арылуымыз қажет. Тәуелсіздікті нығайтуға нақты іспен үлес қосу – әр азаматтың перзенттік парызы. Еңбек адамы біздің қоғамда қашанда құрметке ие болады. Себебі, еңбекқор адам өз сөзін әрдайым іспен дәлелдей алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

06 қазан 2022 ж. 384 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 254

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 252

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31