Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гуманитарлық көмек Қостанайға жетті

Гуманитарлық көмек Қостанайға жетті


Қостанай облысының өрттен зардап шеккен тұрғындарына Сыр өңірінен 31 тоннадан астам гуманитарлық көмек келіп жетті.
Оның ішінде азық-түлік, құрылыс материалдары және басқа да қажетті заттар бар.
Партияның Қызылорда облыстық филиалында және 7 аудан мен Төретам кентінде бас-аяғы 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылып, тұрғындар әкелген көмектерді қабылдады.
Қостанай халқының басына түскен қиын күндерде Қазалылықтар да игі істен шет қалмады. Осы орайда өз үлесін қосқан облыстық мәслихат депутаттары Ибайдулла Тілеп, Мінәжадин Өтеев, аудандық мәслихат депутаттары Нұрлан Имандосов, Төребек Игіліков, Арғын Орымбаев, Талғат Әліпбаев, Райымбек Бөлебаев, «Энергомера» ЖШС-нің директоры Бекетай Мұхашов, жеке кәсіпкер Жасұлан Жұмахметовке және «ARZAN киім» сауда орталығының ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз.
Бүгін сырбойлықтардың аманатын арқалаған аталмыш керуен Қостанай облысына жетті. Қазір сондағы еріктілері оны өрттен зардап шеккен жергілікті тұрғындарға таратуда.
#КөмекҚостанай #AMANAT #ЖастарРухы
09 қыркүйек 2022 ж. 680 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930