Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанайға Сыр өңірінен 31 тоннадан астам гуманитарлық көмек жетті

Қостанайға Сыр өңірінен 31 тоннадан астам гуманитарлық көмек жетті

Қостанай облысының өрттен зардап шеккен тұрғындарына Сыр өңірінен 31 тоннадан астам гуманитарлық көмек жетті.
Оның ішінде азық-түлік, құрылыс материалдары және басқа да қажетті заттар бар.
«Қостанай өңірінде орын алған төтенше жағдайға байланысты «AMANAT» партиясы жылдам шешім қабылдап, 4 қыркүйекте партияның барлық өңірлік филиалдарында гуманитарлық көмек жинау пунктері ашылды.
Партияның Қызылорда облыстық филиалында және осы өңірдегі 7 аудан мен Төретам кентінде бас-аяғы 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылып, тұрғындар әкелген көмектерді қабылдады.
3 күнде фракция мүшелері, партия белсенділері мен жергілікті жомарт жандар бірінші кезекте қажетті және ұзақ жолға жарамды заттарды алып беріп, игі іске үлес қосты. Бұдан бөлек, Қызылорда облысы әкімдігінің басшылық құрамы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы қостанайлықтарға бір күндік жалақыларын аударды.
Бастауыш партия ұйымдары мен партия белсенділері де қаржылай көмек көрсетті.
Сырбойлықтардың аманатын арқалаған аталған керуен Қостанай облысына жетті. Қазір сондағы еріктілері оны өрттен зардап шеккен жергілікті тұрғындарға таратуда.
09 қыркүйек 2022 ж. 307 0

Берекелі іске баулыған

15 маусым 2024 ж. 127

Көпбалалы әке көпке үлгі

15 маусым 2024 ж. 135

Халыққа сапалы қызмет

15 маусым 2024 ж. 117

Жаңа зауыт іске қосылды

15 маусым 2024 ж. 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930