Қазалылықтар игі істен шет қалмады
Қостанай облысындағы өрт апатынан зардап шеккен отандастарымызға Қазалы жұртшылығы да өз көмек қолын созып, қиын-қыстау күнде өздерінің бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті.
Аталған жағдай бойынша хабар берілгеннен бастап «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалы жанында гуманитарлық көмекті қабылдау пункті ашылып, өз жұмысын бастаған болатын.
Бүгінде қабылдау пунктіне заттай және қаржылай көмектер беріліп, азық- түлік, киім- кешек және тағы да басқа тұрмысқа қажетті тұтыну заттары алынды. Бүгін облыс орталығында еріктілердің көмегімен жинақталған гуманитарлық көмек жүк машинасына тиеліп, Қостанай өңіріне жіберілді.
Осы ретте дүйім бір облыс халқының басына түскен қиын күндерде ауызбіршілік танытып, өз үлесін қосқан облыстық мәслихат депутаттары Ибайдулла Тілеп, Мінәжадин Өтеев, аудандық мәслихат депутаттары Нұрлан Имандосов, Төребек Игіліков, Арғын Орымбаев, Талғат Әліпбаев, Райымбек Бөлебаев, «Энергомера» ЖШС-нің директоры Бекетай Мұхашов, жеке кәсіпкер Жасұлан Жұмахметовке және «ARZAN киім» сауда орталығының ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз.
Көк туымыз желбіреп, көңіліміз кең болып, жақсы күндеріміз көп болғай.
#КөмекҚостанай #AMANAT