Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысына Сыр елінен гуманитарлық көмек жіберілді

Түркістан облысына Сыр елінен гуманитарлық көмек жіберілді

Түркістан облысына Сыр елінен гуманитарлық көмек жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға көмек көрсету туралы аймақтағы қоғам белсенділерінің бастамасын Қызылорда облысының әкімдігі қолдап, бүгін алғашқы көмек жіберілді.

Облыстық жастар мәселесі жөніндегі басқармасына қарасты "Жастар ресурстық орталығында" гуманитарлық көмекті жинау шаралары бойынша 4 мамырдан бастап штаб жұмыс істеуде.
Nur Otan партиясы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, "Жас Отан" жастар қанаты филиалы, облыстағы жас шығармашылық қоғам өкілдері, бастамашыл кәсіпкерлер (Қ.Мылтықбаев, Ж.Исаев, М.Сәрсенбаев), волонтерлардың атсалысуымен 15 тоннадан аса азық-түлік, киім-кешек, жеке бас гигиенасына арналған құралдар жинақталды. Бүгін Түркістан облысының су тасқынынан зардап шеккен ауылдарына гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді. "СЫР ЖҰРТЫНАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК" ұранымен 9 автокөліктен құрылған керуен белсенділермен бірге Тағзым алаңынан аттанды. Олардың құрамында қоғам белсендісі Үйтолған Жарекеева, жас кәсіпкер Мағжан Ералиев бар. Керуен белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязовтың арнауымен жолға шықты.
Айта кету керек, ақынның өзі де бүгінгі керуеннің құрамында.
Гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Көмек көрсетемін деушілер болса, азық-түлік, киім-кешек пен медициналық заттарды және жеке бас гигиенасына қажет құралдарды Қызылорда қаласы, сол жағалауда орналасқан "Жастар ресурстық орталғына" апарып берулеріне болады. Тел: 8 775 370 00 34, 8 702 556 51 58.
07 мамыр 2020 ж. 1 114 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 153

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 157

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 131

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 154

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031