Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырбойылықтар Қостанай жұртымен бірге!

Сырбойылықтар Қостанай жұртымен бірге!

Сырбойылықтар Қостанай өңірінде орын алған табиғи апатқа байланысты зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету жұмыстарына кірісіп кетті.
Осы мақсатта «AMANAT» партиясы облыстық филиалымен Қызылорда қаласы, 7 аудан және Төретам кентінде, барлығы 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылып, сағат 9:00 ден бастап азаматтардан келген көмектерді қабылдауда.
Қабылдау пункітіне алғаш болып өз көмегін жеткізгендердің бірі партия белсендісі, «BIALI»ЖШС –нің төрағасы Асхат Шәукенбаев. Ол осындай қиын сәтте өзінің қостанайлықтармен бірге екенін жеткізіп, барлық жерлестерді жұмыла көмек көрсетуге шақырды. Қостанайлық ағайынға көмекке «AMANAT» партиясы облыстық, қалалық, «Тұран», «Теміржол» филиалдарының ұжымы да ортақ қаржы жинап, азық-түлік өнімдері мен төсек бұйымдарын алуға үлес қосты.
Қазір гуманитарлық көмек қабылдау пункттерінде «Jastar ruhy» жастар қанаты облыстық филиалының мүшелерінен волонтерлер тобы құрылып, қайырымдылық көмекті аталған өңірге жөнелту шараларына белсене атсалысуда.
Атап өтейік, қабылдау пунктіне тез бұзылмайтын азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, киім-кешек пен төсек бұйымдары жинақталады.Қаржылай көмек көрсету үшін ертең республика бойынша арнайы есеп шот ашылмақ.
Қазіргі таңда көмек қабылдау пунктерінің жұмысы жалғасып жатыр. Барша жерлестерді қайырымдылық шараға белсенді атсалысуға шақырамыз!
04 қыркүйек 2022 ж. 638 0

Ұйымшыл ұжымның ұтары көп

14 желтоқсан 2024 ж. 44

Кент көркін келтіргендер

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Бар жақсылық – балаға

14 желтоқсан 2024 ж. 40

Шәкірттер шамшырағын жаққан

14 желтоқсан 2024 ж. 39

Сұранысқа ие орталық

14 желтоқсан 2024 ж. 35

Жасындай жарқыраған Гүлсая

14 желтоқсан 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031