Тоқаев көлік утилизациясына байланысты маңызды тапсырмалар берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Президент Жолдауда көлік мәселесін қозғап, оны заңдастыру бойынша біржолғы алым алуды ұсынды.– Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз жолдарын тоқтату мақсатында шешуші шаралар қабылдау қажет. Ең алдымен осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын.Бұл негізі іздеуде жоқ және кедендік «рәсімнен» өткен автокөліктерге қатысты болуы тиіс, – деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.













