2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстан сөзіне түсінік берді

Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстан сөзіне түсінік берді

Ол құбылмалы заманда елдегі береке-бірлік және тұрақтылықты сақтау маңызды екенін жеткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстан сөзіне түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Президент Қазақстан халқына Жолдау жариялағанын атап өтті. "Елімізді түбегейлі жаңғыртуды көздейтін ауқымды реформалар ұсындым. Саяси реформалар мемлекеттік басқару жүйесін өзгертуге бағытталған. Шын мәнінде жаңа Қазақстанды құру дегеніміз тек мемлекеттік аппаратты жаңғырту емес. Бүкіл қоғам, әрбір адам өзгеруі керек. Әр азамат еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуға ұмтылуы қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның айтуынша, бүгінгі алмағайып, құбылмалы заманда береке-бірлік және тұрақтылықты сақтай білу өте маңызды. "Осыны әрқайсымыз терең түсінуіміз керек. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Қазір біздің алдымызда зор міндеттер тұр және ауқымды жұмыстар бар. Оны жүзеге асыруға алматылықтар барынша ат салысады деп сенемін", - деді Президент.

21 наурыз 2022 ж. 919 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930