Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім бастауы – балабақша

Білім бастауы – балабақша

Балабақша – білім мен әлеуметтік ортаға бейімделудің алғашқы сатысы. Бұнда бала өзіндік әлеуетін байқап, өзінің күш-жігеріне сеніп, іс-әрекетте табысқа жетуді үйренеді. Бала дамуының іргетасы қаланып, тұлғаның «Мені» қалыптаса бастайтын орда – «Өрімтал» балабақшасы.
№3 «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасы Қазалы қаласында ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. 1-5 жас аралығындағы 90 бала 4 топта ерте жас, кіші, ортаңғы және ересек топта тәрбиеленуде.
Бұнда 19 тәрбиеші-педагог оқу-тәрбие жұмысымен айналысады. Балабақша маман кадрлармен толық қамтылған. Психолог, логопед, дене тәрбиесі жетекшісі, хореограф, музыка жетекшісі мамандары тәрбиеленушілермен жан-жақты дамыту бағыттары бойынша жұмыс жасайды. 1-ІІ санатты-басшы, 6 педагог сарапшы, 3 педагог модератор, 2-І санатты, 5-ІІ санатты, 2 санатсыз тәрбиеші-педагог қызмет етеді. Тәрбиеші-педагогтар заманауи инновациялық технологиялармен, жаңартылған білім беру мазмұны және инклюзивті білім беру бағыттары бойынша курстарынан өтіп білімдерін жетілдіріп отырады. Балабақшада балалардың күні бойы өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін түрлі ресурстармен толықтырылған дамытушы орталар бес білім беру саласы бойынша талапқа сай жабдықталған.
Балабақша балаларды жан-жақты дамытуға арналған интерактивті құралдармен, зерттеуге арналған лобараториялық құралдармен, лего құрастырғыштармен, электронды ойыншықтармен, робототехника құралдарымен, «Кюизенер таяқшалары» заманауи жабдықтармен, электронды кітаптармен жабдықталаған. Тәрбиешілер бұл мүмкіндіктерді оқу-тәрбие процесінде тұрақты, нәтижелі қолданып отырады.
– Тәрбиелеу мен білім беру процесінде инновациялық технологиялар жобалау-зерттеу, робототехника, ойын, АКТ, «Кюизенер» таяқшалары, «Фребель сыйы», Воскогович, Мнемотехнология, т/б тиімді технологияларды қолданамыз. Бүлдіршіндердің жеке дара қабілеттері, қызығушылқтары және ата-аналардың сұранысы бойынша балалардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту”, «Жас зерттеушілер», «Робототехника», «Кюизенер таяқшалары» “вариативтік компоненттері”, «Әнші балапан», «Сымбат» би, үйірмелеріне балалар қызығушылықпен қатысады.
Нәтижесінде тәрбиешілер мен тәрбиелену­шілеріміз өз шығармашылықтарын көрсетіп, түрлі қалалық, аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға, сайыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр, – деп балабақша меңгерушісі Анар Кеулімжаева жетістіктерімен бөлісті.
Бұнда 2021 жылы қазан айында «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ойын технологиясының тиімділігі» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарда тәрбиеші-педагогтар Сәндігүл Сәйпенова, Күнипа Смайлова, Эльмира Тауасарова, Айшагүл Жолмырзаева, Феруза Толыбаева, Роза Ахметова, Баян Алмағамбетова, Гүлбақыт Теңізбай өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, Қызылорда облыстық оқу орталығының сертификатын алды. Халықаралық білім беретін ғылыми-әдістемелік, шығармашылық бағыттағы «Tutor Up» оқу орталығы ұйымдастырған Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай педагогтар арасында өткізілген «Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасы» тақырыбындағы онлайн байқауда әдіскер-тәрбиеші Ш.Нарымбетова бірінші орын, тәрбиеші Э.Тауасарова екінші орын тұғырынан көрінді.
2021 жылы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Даланың алып қоңырауы» тақырыбындағы республикалық педагогикалық оқудың облыстық кезеңіне тәрбиеші Э.Тауасарова мен әдіскер Ш.Нарымбетова қатысып, Қызылорда облыстық оқу орталығының сертификатын иеленді.
Осы жылдың қаңтар айында «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына аралық мониторинг жүргізу механизмі» тақырыбындағы облыстық әдістемелік вебинарда әдіскер Ш.Нарымбетова, М.Райымқұлова, М.Бекжан, Ә.Сембиева, Э.Тауасарова іс-тәжірибесімен бөлісіп, Қызылорда облыстық оқу орталығының сертификатын алды. Балабақшада «Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, эксперименттік қызметін дамытудың жолдары» тақырыбында аудандық семинарда тәрбиешілер Күнипа Смайлова, Мирамкүл Бекжан, Алия Сембиева, Эльмира Тауасарова, Нұргүл Жолдасова, Мауегүл Райымқұлова, Феруза Толыбаева, Роза Ахметова оқу қызметтерін көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Балабақша меңгерушісі Анар Өтегенқызының «Балабақшадағы әдістемелік жұмыс мазмұны» атты әдістемелік нұсқаулығы «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2022 жылы 10 ақпандағы сараптау кеңесінде қаралып, баспадан шықты. Республикалық «Дана бала» журналының наурыз айындағы санына тәрбиеші Эльмира Тауасарованың іс-тәжірибесі жарияланды.
«Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» тақырыбындағы облыстық сурет байқауында ересек «Ертөстік» тобының бүлдіршіндері Бексұлтан Ерсайынұлы мен Айлуна Смайлова ІІ орын иеленді. Қызылорда облыстық білім басқармасының Дипломымен марапатталды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген «Мен – Тәуелсіз елдің ұланы» тақырыбындағы облыстық театрландырылған бейнеролик байқауында «Композиция жанры» бойынша ересек «Ертөстік» тобының тәрбиеленушілері жүлделі ІІІ орын иеленіп, Қызылорда облыстық білім басқармасының Дипломымен марапатталды. Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» қолөнер байқауының республикалық кезеңінде ересек «Ертөстік» тобының тәрбиеленушісі Айназ Орналы анасы Арайлым Азимен қатысып, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.
«Дарын» шығармашылық орталығы ұйымдастырған Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Қазағымның бұлбұлы» атты республикалық балалар мен ересектер байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша Айша Оразбай бірінші, «Би» номинациясы бойынша «Сымбат» бишілер тобы жүлделі екінші, «Вокал» номинациясы бойынша Еркеназ Ерғали екінші орын иеленді.
Балалар жылы аясында өткізілген аудандық «Әнші болғым келеді» байқауында Жансая Ілияс «Ерке ару» және Еркеназ Ерғали «Көрермен көзайымы» номинацияларын иеленді. Республикалық «Алтын Дауыс» балалар өнер шығармашылық байқауында «Ертөстік» тобының тәрбиеленушісі Ерсұлтан Тастих пен Айша Оразбай бірінші орын алды. Әлинұр Қайратбек, Арнұр Қолдас, Оспан Ахметулла «Сахналық көрініс» номинациясы бойынша бірінші орын иеленді. Жас өнерпаздар Алматы және Түркістан қаласында өтетін «Жеті Өнер» VІ Халықаралық фестивал-конкурсына 50 процент жеңілдікпен жолдама алды.
«Өрімталдық» өнерлі өрендер алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім бәйгесі мен өнер сайыстарында топ жаратынына ұстаздары бек сенімді.
– Балалардың бойында қазіргі заман талабына сай 4К моделін: креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды, командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда аянбай, сапалы еңбек ете береміз. Балабақша баланың ақыл-ойы мен білімін жетілдіретін орда. Біздің мақсатымыз – бүлдіршіндерді бүгіннен бастап, білімге құштар болуға баулу, – деп сөз соңын түйіндеді балабақша меңгерушісі Анар Өтегенқызы.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
04 мамыр 2022 ж. 1 625 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031