Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыртымыз бүтін, ішіміз түтін

Сыртымыз бүтін, ішіміз түтін

Ескіні еске алмай, жаңа жандана түспейді. Көне көздердің есінде болса, Кеңестік дәуірде елімізде халық «заготконтор» деп атайтын шикізат дайындау мекемелері болатын. Аталмыш орындарда жалба, мал терілері мен жүндері, шыны ыдыстар, құтылардың барлық түрлері, қағаз, картон тағы басқа дүниелербекітілген тұрақты мөлшердегі бағамен қабылданатын. Сол тұста азық-түлік дүкендерінде алынған заттар қағаздан жасалған қалталармен, қаптарымен қапталатын. Одан бөлек әрбіріміздің қалтамызда капрон жіптен тоқылған тор қалташа болатын.
Қазақстан да қоқыс шығарудан кенже қалып отырған жоқ. Бүгінде ел аумағында 48 млрд тоннаға жуық қоқыс жиналған. Сонымен қатар өнеркәсіп орындары, автокөліктер, тағы басқа орындар 2,6 млн тонна лас қалдықты ауаға тастағаны анықталуда. Экологтардың айтуы бойынша біздегі тіркелген 3520 қоқыс полигонының 18 проценті ғана талапқа сай келетін көрінеді.
Ауданда экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жоқ емес.
Қазалыдағы коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату мақсатында жер учаскелерін меншікке немесе жерді пайдалануға беру жөніндегі облыстық комиссияның 2013 жылығы 4 қарашадағы №51 хаттамалық шешімімен Әйтеке би кентіне жалпы көлемі 5,0 гектар және 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №67 хаттамалық шешімімен Қазалы қаласы мен 19 ауылдық округтерге жалпы көлемі 23,5 гектар жер бөлінген.
2015 жылы Әйтеке би кентінен қоқыс полигонын құрылысын салуға облыстық бюджеттен 22894,0 мың теңге бөлініп, «Сыр маржаны және К» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізіп, сол жылдың желтоқсан айында айтылған нысанды пайдалануға тапсырған.
2016 жылдың басынан бастап аталмыш нысан Дәулетбек Тұяқбаевтың басқаруындағы «Қазалы Көркем Сервис» ЖШС-не сенімді басқаруға берілген болатын.
Мемлекеттен осынша қыруар қаржыға салынған заманауи қоқыс полигоны кезінде облыс, аудан басқарған азаматтардың атсалысуы арқасында біздің бағымызға біткен нысан десек артық емес. Өйткені елдегі көптеген аудандар бұған әлі күнге дейін қол жеткізе алмауда.
Айта кету керек, әдепкі жылдары полигонда барлық талаптар сақтала отырып, қысы-жазы 24 сағат үздіксіз жұмыс атқарғанын және де адам айтса нанғысыз нысаннын кірер аузында бірнеше саялы ағаштардың да бой көтергенінің куәгері болған едік.
Аталмыш орын Әйтеке би кетіорталығынан 10 шақырымға жуық Батыс Еуропа – Батыс Қытай күре жолының батыс беткейінде жолдан 900 метр қашықтыққа салынған.
Әйтеке би кенті әкімдігі 2019 жылдың наурыз айынан бастап полигонды сенімді басқаруға жеке кәсіпкер «ИП Адина» Әділбек Бөлекбаевтың атына құжаттар рәсімделген.
Жуырда қоқыс полигонының жағдайымен таныспақ мақсатта арнайы барғанбыз. Мұндағы көріністі көзбен көріп, еріксіз басымызды шайқап, таңдайымызды қағып қайттық.
15 жыл мерзімге пайдалануға салынған полигон қазірдің өзінде аузы-мұрнынан шығып, толып кеткен. Көптеген заттар реттеліп, жерленбеген, бұрынғы егілген ағаштар көктей солған. Өрт болған жағдайда сөндіруге арналған үлкен екі цестерна көптен бері су құйылмағандықтан, шіріп, тот басып кеткен. Ең сорақысы, қоқыс апарған автокөліктер шығарда қалаға микробтарды әкелмес үшін арнаулы бетон құймасынан жасалған дизенфекциялау шұқырын (дизбарар) кешіп шығуға мәжбүр. Бұл орын көптен пайдаланылмаған болу керек, құмға көміліп қалған автокөліктер кірген ізімен қайта шығуда. Экологиялық кодекс бойынша 2019 жылдан бастап шыны ыдыстарды, құрылыс заттарын, пластикалық ыдыстарды полигонға төгуге тыйым салынған. Ал экологиялық кодекстің санитарлық талаптары сақталмаған жағдайда полигон аурудың ошағына айналары анық.
Ғалымдардың айтуынша, қоқыстан өте күшті «диаксин» улы газы бөлінеді екен. Ол адам денесіне тыныс алу жолдарынан теріден өтіп бронхит, астма, ренит, белсіздік тіпті онкологиялық аурулардың бірден-бір себепшісі.
Қоқыс полигонының сырты адам көргісіз күйге жеткен. Дер кезінде залалсыздандырылмаған қоқыс­тар сыртқы күре жолдың бойына дейін ұшқанға ұқсайды. Екіншіден, полигонның жұмыс уақыты шектеулі. Күндізгі 9:00-18:00-ге дейін. Сондықтан үлгермеген қоқыс апарушылар сыртқа төге салатыны көрініп тұр.
Қазіргі жетістіктерге сәйкес, экологтар заңсыз қоқыс төгу орындарын ғарыштан байқайтын мүмкіндікке ие. Аталмыш құрылғы 50 шақырым радиусты қамтуға қауқарлы. Жақында теледидардан осындай жолмен Батыс Қазақстан облысында 400 мың тоннаға жуық заңсыз қоқыс анықталғаны айтылды.
Бұған таңданатын ештеңе жоқ. Мұндай заңсыз полигон Әйтеке би кенті аумағында да бар. Тек біздің атқамінерлер көрсе де, көрмегенсіп, білсе де, білмегенсуде. Кенттің батыс беткейінде «Алтын» көпірге барар жолда ел халық «Мектепбай әремі» аталып кеткен орынды осы санатқа қосуға болады. Ондағы ауқымды ашық алаңдағы жағдайды көргенде жаның түршігеді.
Аудан орталығындағы көп жылдардан бері жырға айналып, шешімін таппай келе жатқан проблеманың бірі – кәріз жүйесі. Кенттің кәріз жүйесін 3 КНС пен 1 ГНС және 14,5 шақырым болатын кәріз құбырлары құрайды. Айта кетерлігі, пайдаланудағы кәріз тек теміржол аумағын ғана қамтиды.
Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровтың айтуы бойынша, кәріз сарқынды суларын сыртқа шығаратын арнаулы 40-қа жуық автокөлік иелері бар. Әрбір рейсіне 4-5 мың теңге мөлшерінде қызмет ақысын белгілеп алғандар олардың барлығы дерлік салық органдарында тіркеліп, салық төлеп отырғандары да күмәнді.
Жеке тұрғындарды айтпағанда, жаңадан салынған бюджеттік мекемелер, мектептер кәріз жүйесінің жоқтығынан, миллиондаған бюджет қаражатын жұмсауда.
Мәселе жалғыз онда емес сарқынды кәріз суын төгу орыны аудан орталығынан 12 шақырым жерде белгіленген. Бару-қайтуы шамамен 25 шақырымды құрайды. Бақылаудың жоқтығынан, аталмыш көлік иелері әкеле жатқан суларын кенттің айналасындағы бейіт маңдарына, «Мектепбай» алаңына төге салуды әдетке айналдырып алған. Жаз айларында қолаңса жаман иістен үй терезесін аша алмайтынымыз да жасырын емес. Мұнымен қатар кенттің Шығыс беткейіндегі «Водокачкаға» баратын жол да қоқыс төгушілердің тұрмыстық қалдық тастау орнына айналған.
Аудан орталығындағы тиісті мекемелер ертелі-кеш қолдарынан келгенше көшелерді тазалап бағуда. Алайда «ішіміз бүтін болғанмен, сыртымыз түтін», ағайын. Геология ғылымдарының докторы Абай Ситенұлы әкімдердің рейтингін экологиялық белсенділігіне байланысты анықтау керек дегенді айтқан болатын.
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Қоғам үніне құлақ асатын мемлекет құрамыз» деген. Олай болса, жауапты атқамінерлер қыста жылы, жазда салқын жерде отыра бермей, біз көргендерді көрсе, нәтиже шығарса деген тілегім бар.
Ата-бабалар аманаттаған атамекенді аздырмай ұстау – кезек күттірмейтін міндет.

Кемал КӨПЖАСАР,
қаржы саласының ардагері
Суреттерді түсірген
Серік АҚМЫРЗА

15 наурыз 2022 ж. 716 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031