«Бірге таза Қазақстан» акциясы аясында 1,8 мың тоннадан астам қоқыс жиналды
Бүгін «Таза табиғат» ұлттық экологиялық жобасы аясында бірқатар өңірде аумақты қоқыстан тазарту бойынша «Бірге таза Қазақстан» акциясы өтті.Айта кетейік, жиналған қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді. 150 тоннадан астам шыны, 181 тонна пластик, 99 тонна резеңке, 208 тонна қағаз бен картон, 107 тонна металл тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза табиғат» ұлттық жобасы бастау алды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірқатар өңірде ағаш отырғызу, бұлақтар мен су айдындарын, аумақтарды қоқыстан тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізді.














