Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналды

Елімізде 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналды

Қазақстанның барлық өңірінде World CleanUp Day Дүниежүзілік акциясы өтті. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған шараға 18 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қоқыс көлемі 11 мың тоннадан асты. 23 мың гектар аумақ жиналып, 1 800-ге жуық ағаш отырғызылды.
Биыл бүкіл ел бойынша тазалау үшін мыңнан астам орын анықталды. Нұр-Сұлтанда негізгі алаң Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының бойындағы учаске болды.
World CleanUp Day Бүкіләлемдік акциясы қоқысты жинауға ғана емес, оны сұрыптап, қайта өңдеуге де бағытталған.
Сұрыпталған қоқыстардан биыл қайта өңдеуге шыны, пластик, резеңке, қағаз, картон, металл сияқты екі мың тонна қалдық тапсырылды. Мұндай акциялар халық арасында экологиялық мәдениетті одан әрі қалыптастырып, қоршаған ортаға құрметпен қарауға үйретеді әрі жастардың туған жерінің табиғатын құрметтеуіне ынта береді.
21 қыркүйек 2021 ж. 297 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031