Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда абаттандыру жұмыстары басталды

Қазалыда абаттандыру жұмыстары басталды

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларымен бірге Әйтеке би кентін аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Қазіргі кезде Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығынан салынып жатқан Жалаңтөс батыр ескерткішінің айналасын абаттандыру жұмыстары басталып жатыр.
Саябақ айналасы қоршалып, ішіне жарықшамдар, ротондалар орнатылып, брусчатка төселеді.
Абаттандыру жұмыстарын Әбдімәлік Өтеулі басқаратын «Намыс құрылыс» ЖШС-ның құрылысшылары жүргізуде.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мердігер мекеме басшысына даңқты қолбасшының еңселі ескерткіші орналасқан саябақ халық көңілінен шығу үшін сапалы жасалу қажеттігін айтты. Оны бақылауды тиісті сала басшыларына тапсырды.
Мұнан соң аудан басшысы теміржол вокзалына арнайы барып, қоғамдық әжетхана салу мәселесін талқылады. Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров жеке кәсіпкерлердің тарапынан био әжетхана салу жөнінде ұсыныс бар екенін айтып, вокзал маңынан жер белгілеу қажеттігін айтты. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала мамандарына био әжетхана салатын орынды белгілеп беруді тапсырды.Сонымен қатар, алдағы уақытта халық көп жиналатын жерден әжетхана салу жолдарын қарастыру қажеттігін жеткізді.
14 қыркүйек 2021 ж. 297 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930